Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет176/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   877
БөКЕ

БөКЕ


128

ры мен талап-тілектері, яғни рухани 

өмірдің сан қилы жақтары мен қым-

қиғаш  қайшылықтары  болатынды- 

ғын үнемі ескертіп отырады. Бұл жө- 

нінде  оның  ой-түйіндері  төмендегі 

жолдардан жақсы байқалады. «...Түрік 

затты халықта біздің қазақтай бір жер- 

де тізе қосып отырған іргелі ел жоқ... 

Анық түрік затты халық біздің қазақ- 

та... Қазақ халқы түптен келе жатқан 

зорлық,  тепкіде  өскен...»  Ғалымның 

ұлттық психология мәселелерінен ке- 

йін  сөз  еткен  психологиялық  түйін- 

дерінің негізгі желісі  жалпы психо- 

логияның  теориялық  қисындары- 

ның  төңірегінен  табылады.  Бұл  жө- 

нінде ол: «Ақыл да, ұсталық та оқу- 

мен, істеумен жүре ұлғаяды... Халық 

ісін  орнына  салуға  көп  ақыл,  көп 

қызмет, көп жылғы шебер істеген әдіс 

керек...  адамның  хайуаннан  айыр- 

машылығы  ойлай, сөйлей алатын- 

дығы,  имандылықпен  имансыздық- 

ты, ұят пен ар-намысты түсіне де сақ- 

тай да білетіндігінде». Ә.Бөкейханов 

еңбектерінде адамның тіршілігі үшін 

іс-әрекетпен  айналысу  жәйі,  бұл 

жолда оқу-білім, шеберлік, айла-тәсіл, 

дағдының қажеттігі ерекше сөз бола- 

ды. Адам баласы,- дейді ол, – үнемі 

ізденіс  үстінде,  жалықпай,  талмай, 

әрекет еткенде ғана мақсатына жете 

алады, өмір үнемі күрес, бірлесіп тір- 

шілік ету, бұл үшін шеберлікке, айла-

тәсілге жетілу қажет... Кім шебер бол- 

са, жалықпай-талмай ізденсе, бірігіп, 

тізе  бүгіп  іс  қылса,  ғұмыр  бәйгесі 

соныкі...  Әр  нәрсенің  амалын  біліп, 

өз  орнына  жұмсаса,  іс  көркейеді... 

Адам шеберлігі араласып іс қылмаса, 

таудай алтын – бір өлі қазына... Тір- 

шілік,  ғұмыр  белгісі  –  алыс-тартыс, 

арбау,  әдіс...  «Қай  заманда  болма- 

сын  енжар,  бұйығы  адамға  өмір  сү- 

ру  қиын,  өйткені...  жылап  мұратқа 

жетемін  деу  аш  түйенің  күйсеуі  бо- 

лады...  Заманың  түлкі  болса,  тазы 

болып шал» дегендей, кейбір мансап 

иелері  адамгершілiк-имандылықты 

белінен  басып,  өздерінің  мақсатына 

жетіп  отырады,  бұларды  адам  деп 

айтуға болмайды. Олардың әрекетінің 

хайуаннан  еш  айырмасы  болмайды. 

Өйткені,  бірін-бірі  жеген,  бірін-бірі 

алдаған, бірін-бірі аңдыған, бірінен-

бірі кек алған хайуан тұрмысы, салты» 

дейді.


Туған халқы үшін қызмет ету  аза- 

маттық қасиет, абыройлы іс. Ол үшін 

адам оңы мен солын аңғаруы, білім-

ғылымды терең меңгеруі тиіс. Сонда 

ғана  адамшылығы  да,  ақыл-ой  өрісі 

де өз дәрежесінде болады, сөзі мен ісі 

бір жерден шығатын болады. Ақылды 

болу сондай қиын. Ол үшін көп оқып, 

зейінді болса кісі білімді болады. «Адам 

баласы  қылып  жүрген  іс,  ой-ақыл 

болып басталады, адамды бала тапқан 

қатындай қинап, сөз болып сөйлене- 

ді, иә жазылады, ақыл сөз сонан соң 

барып іске айналады. Не жұмыс қыл- 

сақ: осы үшеуі: ақыл, сөз, сана талқы- 

сынан  өтпей  жұмысқа  айналмайды. 

Ақылды сөз қылу сондай қиын... Сөз- 

ді іс қылмақ мұнан неше есе қиын.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет