БөКЕЙХАНОВ ӘЛИХАН (1866-
1937) – қазіргі Қарағанды облысы-
ның Қарқаралы ауданында туған. 1888
жылы Омбы техникалық училище-
сін, 1894 жылы Санкт-Петербургтегі
Орман-техникалық институтының
экономикалық факультетін бітірген.
Кейіннен Омбыдағы орман шаруа-
шылығы училищесінде сабақ береді,
ғылыми жұмыспен айналыса бастай-
ды. Ол «Россия. Общее географичес-
кое описание нашей Родины» атты
18 томдық іргелі ғылыми еңбектің
авторларының бірі. Семей облысынан
бірінші Мемлекеттік думаға депутат
болып сайланады. Революциялық
жұмыстары үшін бірнеше рет түрмеге
қамалады. 1905-1907 жылдары Омбы
Кадет партиясының губерниялық
комитетіне мүше болады. «Иртыш»,
«Голос степи» газеттерінің редак-
циясында істейді. 1913 жылы А.Бай-
тұрсынов, М.Дулатовтармен бірге «Қа-
зақ» газетін ұйымдастыруға ат салы-
сады, бүкіл ресейлік земство одағы-
ның жұмысына қызу араласады. (1916)
Ақпан төңкерісінен кейін Уақытша
үкіметтің Түркістан комитетiнің жұ-
мысына қатысып, Торғай облысы-
ның комиссары болады, 1917 жылы
кадет партиясы қатарынан шығып,
басқа қазақ зиялыларымен бірге Алаш
партиясын құрады, жаңадан құрыл-
ған Алашорда үкіметінің төрағасы
болып сайланады. 1919 жылдан бас-
тап баспагерлік жұмыспен айна-
лысады. 1920 жылы ҚазАССР Бірін-
ші Кеңесінің съезіне құрметті қонақ
ретінде қатысады. 1937 жылы халық
жауы ретінде тұтқындалып, өлім жа-
засына кесіледі. 1989 жылы КСРО
Бас прокурорының шешімімен то-
лық ақталады.
Оның әр жылдары түрлі тақырып-
тың төңірегінде жазған шығарма-
ларынан ұлт психологиясына қатыс-
ты, сондай-ақ психология ғылымы-
ның кейбір теориялық қағидалары-
мен тоқайласатын түйіндерді көптеп
кездестіруге болады.
Ғалым бұл арада әр халықтың өзін-
дік әдет-ғұрпы, дәстүрі, салты, ұлт-
тық мінез бітістері, әлеуметтік сезім-
дері мен көңіл күйлері, алуан ойла-
Достарыңызбен бөлісу: |