Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет178/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

БҰҚАР ЖЫРАУ ҚАЛҚАМАНҰЛЫ 

(1685-1777)  –  XVIII  ғасырдың  орта 

шенінде  өмір  сүрген  Бұқар  жырау 

өмірінің біразы хан сарайы маңында 

өткен.  Ақын  хан  мен  қараның  іс-

әрекетін  таразыға  салып,  сан  алуан 

өмір  құбылыстарын  ой  елегінен  өт- 

кізіп отырды.

Бұқар шығармашылығын зерттеуші- 

лер (М.Көпеев, С.Сейфуллин, Қ.Жұ- 

малиев, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, С.Мұ- 

қанов, М.Мағауин, т.б.) оның ислам 

дініне  аса  қанықтығын,  осы  діннің 

насихатшысы  болғандығын,  мұны 

ел басқарудың, халықты бір-бірімен 

жақындастырып,  татуластырудың 

басты  құралы  деп  түсінгенін  ескер- 

теді.

Әрине,  сөз  болып  отырған  кезеңде 



қазақ  қоғамы  экономикалық  даму, 

ғылым-білім жағынан төмен дәреже- 

де еді. Тек хан, сұлтан, қожа, молда- 

лар ғана хат танитын. Оқудың өзі де 

ислам  идеясына  белшесінен  батқан 

діни  кертартпа  схоластикалық  ұғым 

мен  шариғат  шырмауында  болды. 

Бұқар  секілді  үстем  таптан  шыққан 

бірен-саран  адамдар  ғана  сол  кезде 

Орта  және  Таяу  Шығыс  елдеріне 

барып,  арабтың  тілі  мен  поэзиясы- 

нан,  философиясы  мен  дін  ілімінен 

сусындайтын, орта ғасырлық шығыс 

авторлары  жазған  ғылыми  трактат- 

тарды  оқып,  ой-санасын  көтеретін. 

Діни – философиялық толғаулардың 

біршама  биігінен  көрінген  Бұқар- 

дың да сол кездегі білімділердің бірі 

болғандығына күмән жоқ.

Бұқар  өлеңдері  арқылы  қазақ  дала- 

сындағы әлеуметтік, қоғамдық-саяси 

мәселелердің бет пердесі ашыла түсе- 

ді, ол қоғамдағы барша халыққа бір- 

дей былайша ақыл айтады: дүние ке- 

зек, мұнда мәңгілік байлық та, жар- 

лылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ, 

сондықтан кезекті дүниенің сипаты- 

на орай өмір сүр. Адам халықпен бір- 

ге жасайды, оларша жұртпен қосыла 

қоғамға қажетті игіліктерді өндіреді, 

адам  табиғатында  белсенді  тұлға, 

әлеуметтік  қайраткер.  Адамды  адам 

ететін  оның  ортасы,  тәлім-тәрбие. 

Бірақ  «бір  биеден  ала  да,  құла  да 

туады». Адамзаттың баласы, Атадан 

алтау тумас па, Атадан алтау туған- 

мен,  Ішінде  оның  біреуі,  Арыстаны 

болмас  па?  Арыстанның  барында, 

Жорғасы болса мінісіп, Торқасы бол- 

са  киісіп,  Торламалы  қамшы  алып, 

Толғап  дәурен  сүрмес  пе?!,  деп  ол 

бес  саусақтың  бес  түрлілігі  сияқты 

адамдар  бір-бірінен  жеке  сипат  қа- 

сиеттерімен ажыратылып отыратын- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет