Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет189/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ВЕСТ

ВЫГО


137

телейді,  оны  өздігінен  ойлантып-

толғантуға,  әрбір  зат  пен  құбылыс- 

тың  мазмұн-мағынасын  пайымдай 

білуіне жетектеп отырады. Бала оқу-

тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым 

күрделендіріп,  заттар  мен  құбылыс- 

тар арасындағы себепті байланыстар- 

ды  зерделей  танитын  міндеттерге 

машықтану керек.

Егер табиғи дамуда баланың психи- 

касы күрделеніп, сана-сезімі жетіле- 

тін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары 

арқылы  оның  дүниетанымы  мен  бі- 

лімінің  шеңбері  кеңейеді.  Оның  да- 

мып жетілуі, сыртқы ортадан түйсі- 

ніп, қабылдаған, көріп білгендерін ой 

елегінен  өткізіп,  санасының  өрісте- 

уіне әсер етуі сыртқы факторлардың 

(экстериоризация)  ішкі  факторларға 

(интериоризация)  айналуымен  бел- 

гіленеді.  Осы  жайт  Л.С.Выготский- 

дің  адамның  мәдени-тарихи  дамуы 

жайындағы  теориясының  мәнісінен 

туындайды.

Л.С.Выготский  теориясының  енді 

бір ерекшелігі: баланың айналасын- 

дағы  адамдармен  қарым-қатынас 

жасауда  тарихи  тәжірибелерді,  ты- 

ныс-тіршілік  шындығын  өзгелердің 

сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жа- 

намалай  үйренуі.  Осылайша,  бала 

өзінің дербестігін, жеке басының пси- 

хикалық қасиеттерін өрістетеді, әлеу- 

меттік ортадан меңгерген білімі мен 

әр  алуан  мағлұматтары  оның  ішкі 

дүниесінің,  психикасының  дамуын- 

дағы ең жоғарғы функция, яғни бол- 

мыстың  бала  санасындағы  бейне- 

ленуі деп аталады.

Баланың  басынан  кешірген  әр  қилы 

оқиғалар мен болмысты белгі, таңба- 

лар ретінде танып-біліп, мән-жайын 

түсінуі  оның  жан  дүниесін  байыта- 

ды, яғни мұндай процесс баланың әр- 

бір  нәрсенің  мазмұнын  өз  ойымен, 

ақылмен  пайымдай  білуін  қалып- 

тастырады.  Выготскийдің  айтуын- 

ша,  дамудың  осы  жолы  бойынша 

материалдық  (заттық)  дүние  жоға- 

ры  психикалық  қызмет  арқылы  мә- 

дени факторға (оның бейнесіне) ай- 

налады.  Сондай-ақ  жаттаудың  сөз- 

дік-мағыналық еске айналуы, нәрсе- 

лердің бейнесін көз алдына келтіріп 

елестетуі – сол зат жайындағы ойлау 

әрекетіне алып келеді, немесе бұлар 

шығармашылық  қиялға  айналады: 

қарапайым  қимыл-қоғалыстар  ерік- 

ті қимыл-әрекеттерге ауысады. Жоға- 

рыда  айтқанымыздай,  ішкі  процес- 

тер  толығымен  сыртқы  әсерлер  нә- 

тижесінде  пайда  болып,  қайтадан 

ішкі  процестерге  (интериоризация) 

айналады.  Психикалық  құбылыс- 

тардың пайда болуы туралы осы пі- 

кір, баланың мәдени дамуындағы кез 

келген  функциясының  сыртқы  кө- 

рінісінің  сахнаға  шығуы  екі  түрлі 

бағытта  анық  байқалатынын  көрсе- 

теді. Оның бірі – әлеуметтік сипатта, 

екіншісі  психологиялық  сипатта  кө- 

рініп  отырады.  Даму  процесіндегі 

мұндай психикалық заңдылық алды- 

мен  адамдардың  өзара  қарым-қаты- 

насы  арқылы  өріс  алса,  жақсы  бай- 

қалады. Л.С.Выготский «Жоғары пси- 

хикалық функциялардың даму тари- 

хы» дейтін еңбегінде (1931) осы пікі- 

рін одан әрі жалғастыра түсіп, «бала- 

ның жоғары психикалық функциясы 

әлеуметтік  ортада  ересектермен  қа- 

рым-қатынас жасау арқылы туындап 

отырады,  осы  жағдайда  ғана  оның 

сана-сезімі  өсіп  жетіледі»,  –  дейді. 

Л.С.Выготскийдің  бұл  тұжырымы 

«баланың  дамуының  жақын  арада- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет