138
ғы» жайындағы қағидасына негіз
болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезең-
дерінде адам психикасының өзгеріс-
ке түсіп отыратындығын, әсіресе оның
ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу са-
тыларын жан-жақты іздестіреді. Осы
тұжырымның мәні 1934 жылы жа-
рияланған «Ойлау мен сөйлеу» деген
еңбегінде қарастырылған.
Арнайы психология саласында Л.С.Вы-
готский кемтар балаларды оқыту мен
тәрбие істерінде тиімді жолдар ар-
қылы елеулі табыстарға жетуге бола-
тындығын ғылыми тұрғыдан ашып
көрсетті. Оның зерттеу нәтижелері
тек психологияға ғана емес, адамта-
ну ғылымдарына қатысты өзге де ғы-
лыми пәндер болып саналатын: де-
фектология, тіл білімі, психиатрия,
өнер тану, этнографияның дамуына
пайдалы үлесін қосты.
Выготский мектебінің өкілдері (Бо-
жович Л.И., Запорожец А.В., Левина Р.Е.,
Леонтьев А.Н., Лурия А.Р., Эльконин
Д.Б., т.б.). Негізгі еңбектері: 6 томдық
шығармалар жинағы (1982-1984);
«Педагогикалық психология» (1926),
«Қылықтар тарихының этюдтары»
(1931), (А.Р.Луриямен бірге), «Өнер
психологиясы» (1965), т.б.
Достарыңызбен бөлісу: