Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет228/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДОБРЫНИН  НИКОЛАЙ  ФЕДО-

РОВИЧ  (1890-1981)  –  тұлғаның 

дамуындағы  танымдық  үрдістерді, 

әсіресе  зейінге  байланысты  мәсе- 

ДЖЕМ

ДОБР



160

лелерді  зерттеген  отандас  психолог. 

Гимназияны  бітірген  соң  Мәскеу 

университетінің жаратылыстану фа- 

культетіне түсіп, кейінірек тарих-фи- 

лология  факультетіне  ауысады  (ең 

алғашқы зейіннің толқуына қатысты 

зерттеулерді жүргізеді) да, 1915 жылы 

сол аталған факультеттегі «психоло- 

гия» мамандығын бітіреді. 1925 жылы 

«Зейіннің толқуы» деп аталатын та- 

қырып  бойынша  кандидаттық  дис-

сертация  қорғайды.  Мәскеудің  уни-

верситеттерінде доцент, содан кейін 

профессорлық  атағын  алады.  1925-

1935 жж. Психология институтында 

аға ғылыми қызметкерлігінде болып, 

1937  жылы  «Зейін  психологиясы» 

тақырыбы бойынша докторлық дис-

сертация  қорғайды.  Шығармалары: 

«Колебания  внимания»  М.,1928, 

«Введение в психологию» М.:Л., 1929, 

«О теории и воспитания внимания» 

//Советская  педагогика.  1938.  №8, 

«Психология» М.,1950, «К 70-летию 

со  дня  рождения  Н.Ф.Добрынина» 

//Вопросы психологии. 1960, № 3.

ДОМИНАНТА  –  (лат.  dominans  – 

қаз.  үстемдік  ету)  –  деген  мағына- 

ны  білдіреді.  Өзекті  қажеттілікпен 

немесе зейіннің үстемділігімен адам- 

ның миында өктемдік ететін қозу оша- 

ғы.  Мидың  көршілес  аумағындағы 

әлсіз қозуларды тартып күшеюге қа- 

білеттілігі. Д. – жүйке орталығының 

негізгі  заңдылығының  бірі.  Қозған 

орталықтың  басқа  алаптағылардан 

да  күшейіп  кетуін  үстемділік  (до-

минанта)  заңы  деп  атайды.  Доми-

нанта  түсінігін  және  оның  қасиетін 

А.А.Ухтомский  (1875-1942)  жылы 

ашып, ғылымға (1923) енгізген. Доми-

нанта теориясы адам мінез-құлығының 

басқа да қажеттіліктерінің пайда бо- 

луының  физиологиялық  негізін  ғы- 

лыми  тұрғыдан  түсінуге  мүмкіндік 

береді.  Сыртқы  дүниенің  көптеген 

тітіркендіргіштерінің  ішінде  біреуі 

миға көбірек әсер етеді де, мидың бір 

алабын қаттырақ, күштірек қоздыра- 

ды, осындай алапты д о м и н а н т а 

деп атаған. Мидың осы күшті қозғыш 

алабы қалған алаптардағы әлсіз қозу 

үрдістерін  өзіне  тартады.  Осыдан 

мидың күшті қозған алабы онан бе- 

тер күшейеді. Мәселен, қызық кітап- 

қа беріле оқығанда адамға кейбір бөг- 

де  тітіркендіргіштердің  бөгет  жаса- 

майтыны, қайта олардың біздің ойы- 

мыздың күшеюіне жәрдемдесетіні бай- 

қалады. Сондықтан адам санасын (зе- 

йінін) бағыттап, шоғырландырып кі- 

тап оқыған кезде қасындағы бөгде ті- 

тіркендіргіштерден  (мысалы,  сағат- 

тың тықылы, соғуы секілді) қашпауы 

керек.  Бұл  біздің  басқа  нәрсеге  кө- 

ңіл  аудармай  үңіліп  отырған  әреке- 

тімізге  мейлінше  беріле  түсуімізге 

жәрдемдеседі. Өйткені жоғарыда ай- 

тылғандай мидағы басыңқы қозу әл- 

сіз  тітіркендіргіштерден  болған  қо- 

зуларды өзіне тартып, солардың есе- 

бінен күшейетіні зерттеулер негізінде 

дәлелденген.  А.А.Ухтомскийдің  до-

минанта теориясының мәнін И.П.Пав- 

ловтың «Қозудың оптималдық алабы» 

деп аталатын тұжырымы онан сайын 

толықтыра түседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет