Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет226/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДЕРЕ

ДЕТЕ


158

табиғат  пен  психологиялық  құбы- 

лыстардың бәрі материалдық себеп- 

тер мен заңдардың әсер етуінен пай- 

да  болады  деп  түсіндіреді.  Детер-

минизм  адамның  тіршілігі  мен  іс-

әрекетінің  бәрі  қоғамның  тарихи 

дамуының  нақты  жағдайларымен 

байланысты,  әрбір  құбылыс  белгілі 

себептен  туындайды  деп  қарайды. 

Бұл принципті іс-әрекеттің әдіснама- 

лық  негізі  ретінде  ұстанған  психо- 

логиялық  зерттеулердің  нәтижелігі 

дәлелді болады.



ДЖЕЙМС-ЛАНГЕНІҢ ЭМОЦИЯ- 

ЛАР  ТЕОРИЯСЫ  –  американдық 

философ  және  психолог  У.Джеймс 

пен неміс психологі Г.Лангенің XIX 

ғасырдың  80-90-жылдарында  бір-

бірінен бөлек ұсынған теориясы. Бұл 

теория бойынша эмоциялардың пай- 

да  болуы  еріксіз  қозғалу  саласын- 

дағы,  сондай-ақ  жүрек,  қантамыр, 

секреторлық  қызметтің  саласында- 

ғы өзгерістердің сыртқы әсерлерінен 

туындайды.  Эмоциялық  күйініш-

сүйініштер  осы  өзгерістермен  бай-

ланысты түйсіктердің жиынтығы бо- 

лып шығады.

Джеймстің  ойынша,  «жылағандық- 

тан мұңаямыз, дірілдегеніміз қорық- 

қандықтан,  күлетіндіктен  қуана- 

мыз».  Джеймс  эмоцияларды  пери- 

фериялық өзгерістердің кең тобымен 

байланыстырса,  Ланге  қантамыр-

қозғалу  жүйесімен-инжүйкеация 

күйімен  және  тамырлардың  саңы- 

лауымен  байланыстырды.  Осылай-

ша, әдетте, эмоцияның салдары деп 

қарастырылатын  перифериялық  ор- 

ганикалық өзгерістер олардың себе- 

бі деп жарияланды.

Джеймс-Лангенің  эмоциялар  тео-

риясы  эмоцияларды  жаратылыстық 

тұрғыдан  зерттеуге  келетін  объек- 

тіге  айналдыруға  әрекеттену  болды. 

Алайда  эмоцияларды  тең  денелік 

өзгерістермен  байланыстырып,  бұл 

теория  эмоцияларды  қажетсінулер 

мен  түрткілерге  қатысы  жоқ,  адап-

тивтік  мағынасы,  реттеушілік  фун-

кциясы  жоқ  құбылыстар  қатарына 

қосты.  Эмоциялардың  ерікті  ретте- 

луінің проблемасы бұл орайда қара- 

пайымдандырылып баяндалады: жа- 

ғымсыз  эмоцияларды,  мыс.,  ашулы 

жағымды эмоцияларға тән қимылды 

әдейілеп  жасаса,  басуға  болады  деп 

есептеледі.  Бұл  теорияға  психоло- 

гиядағы  қарсылықтар  эмоцияларды 

перифериялық  өзгерістерден  туын-

дайтын түсініктердің жиынтығы деп 

механистік түсінушілік; жоғарғы се- 

зімдер  табиғатын  түсіндіру  тұрғы- 

сында болды. Физиологтардың сыны 

жануарларға жасалған эксперимент-

терден  алынған  мәліметтерге  негіз-

делді  (Ч.С.Шеррингтон,  У.Кеннон 

және т.б.). Олардың ең бастылары сол 

бір ғана перифериялық өзгерістердің 

өздері  алуан  түрлі  эмоциялар  кезін- 

де,  сондай-ақ  эмоциялармен  байла-

нысты емес күйлер кезінде болып жа- 

татынын көрсетеді.

Л.С.Выготский  бұл  теорияны  орга-

низмдегі  өзгерістерден  туындайтын 

«төменгі»,  элементар  эмоцияларды 

бейне  ешқандай  материалдық  негіз-

дері  жоқтай  көрінетін  «жоғарғы», 

ақиқат  адами  күйініш-сүйініштер- 

ге  (эстетикалық,  зияттық,  адамгер-

шілік және т.б.) қарсы қойғаны үшін 

сынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет