Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет231/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   877
ДОСМ

ДОСМ


162

леген  салалары  (әлеуметтік,  этнос- 

тық, т.б.) төңірегінде айтқан сындар-

лы пікірлер жиі кездеседі. Мәселен, 

оның  1925  жылы  жазған  «Аламан» 

атты  мақаласынан  этнопсихология- 

ға  қатысты бірсыдырғы  ғылыми тү- 

йіндерді аңғару қиын емес.

Ол бұрынғы қазақ елінде «аламандық» 

деп  аталатын  ешкімге  бағына  қой- 

майтын,  бәсекешіл  топтың  жиі  кез- 

десетіндігін сөз етеді. Қазіргі ғылым 

тілімен айтсақ – бұл бір-бірімен ке- 

лісімге келе бермейтін биресми топ.

Автор түсінігінде аламандық ру мен- 

мендiгінің  бір  сипаты.  Аламандық 

қазақ  мінезінің  анадайдан  бадыра- 

йып,  бесенеден  байқалып  тұратын 

көрінісі. Бұл жеке адамға да, сондай-ақ 

жекелеген топтарға да тән құбылыс. 

Х.Досмұхамедовтың  аламандықты 

ру  психологиясының  ерекшелігінен 

туындайды деуі өте орынды. Ғылым- 

да  ру  (род),  тайпа  (племя),  халық 

(народ),  ұлт  (нация)  ұғымдарының 

психологиялық ерекшеліктері бар еке- 

ні көптен айтылып жүр. Бұл жөнін- 

де психологтар мен философтардың, 

этнографтар  мен  антропологтардың 

да  көзқарастары  бір-біріне  тоқайла- 

сып жатады. Ру – гендік ерекшелік-

теріне,  туыстық  қарым-қатынаста- 

рына орай бірлескен аталас, ауылдас 

адамдардың тобы. Бұрынғы кезде бір 

рулы ел жекелеген территорияны, бір 

ауылды  мекендеген.  Оның  басында 

сол ауылға, елге беделді, сөзін жұртқа 

тыңдата  алатын  ақсақалдар  болған. 

Кей  жағдайларда  ру  басшылығына 

беделді  аналар  да  енген.  Ру  –  бұл 

тарихи-этнографиялық  ұғым.  Қазақ 

тарихындағы  рулық  болмысты  ғы- 

лым жоққа шығармайды. Қазақ хал- 

қы өзінің саяси-экономикалық, тари-

хи-географиялық  жағдайына  қарай 

XV ғасырдан бермен қарай үш жүзге 

бөлiнiп  келеді.  Бұлардың  әрқайсы- 

сында ірі-ірі елуден астам ру-тайпа-

лар тап бар. Олардың әрқайсысының 

көсемдері (ру басы), өзiндiк рәмізде- 

рі (таңбалары) болғандығы да тарих-

тан  мәлім.  Ал  «рушылдық»  деген 

тағылымның  психологиялық  астары 

басқаша. Егер ру белгілі жүздің, ай- 

мақтың,  территория  жағынан  отан- 

дасқан,  қауымдастық  бірлігі  болса, 

рушылдық – бұл объективтік жағдай- 

ларды  ескермей,  субъективтік  фак-

торларды, яғни жеке бір рудың ғана 

мүддесін  көздейтін,  соның  тыныс- 

тіршілігін есепке алып отыратын құ- 

былыс.  Еуропа  елдеріне  қарағанда  

Азия  халықтарында  рушылдық  құ- 

былыстық  жиі  кездесетіні  байқала- 

ды.  Өйткені    рулық  психологияның 

өріс алуына, кейбір қоғамдық мәнді 

факторлардың кенжелеп дамуы, бы- 

тыраңқылықтың зардаптары, бір ор- 

талыққа бағынған біртұтас мемлекет- 

тің болмауы, т.б. осындай факторлар 

әсер етеді.

Автордың халықтың тіршілік салты, 

жаугершілік  мінезі,  орталықтанған 

мемлекеттік  құрылыстың  болмауы, 

қазақ  даласына  аламандықты  алып 

келді  деген  қағидасы  ғылымилығы 

жағынан  дәлелді.  Сондай-ақ,  оның 

«сананы  салт  туғызады»,  «ақсақал- 

шылдық – рудың ақылгөйі, басшысы» 

деген пікірлері де көкейге қонымды 

түйіндер.  Оның  қазақ  қоғамының 

саяси  әлеуметтік  жағдайының  өзге- 

руімен әлеуметтік мінезі де, аламан- 

дығының  мән-мағынасы  да  өзгеріп 

отырады  дейтін  қисыны,  бұлармен 

қатар «әлеуметшілік» (социализация) 

дейтін  ұғымға  берген  анықтамасы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет