Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет236/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   877
ДУЛА

ДУЛА


166

туатындығын  алдын  ала  топшылап, 

бұларға  жол  бермеуді  қарастырады. 

Мұхаммед  Хайдар  Дулати  ел  бас- 

шысына  тән  осындай  қадір-қасиет- 

терді дәріптеп, бұларды келер ұрпақ- 

қа  аманат  етуді  ойластырған  сияқ- 

ты. Ғалымның пікірінше, ел басшы- 



сы өзінің бар күш-қуатын өз халқы- 

ның  мүддесі  үшін  жұмсауы  тиіс. 

Оның  жаны  ізгілікке  толы  болуы 

шарт.  Көздейтіні  –  байлық  емес, 

жарқын болашақтың асқаралы шы- 

ңына ұмтылу.

Мұхаммед Хайдар Дулати пікірінше, 

жарқын  болашақтан  үмітін  үзбеген 

ел  басшысын  көпшілік  әр  кез  қол- 

дайды, соңынан ереді. Жұрттың кө- 

ңілінен шыққан басшы ғана елді дұ- 

рыс басқара алады.

Елді басқарудың ең негізгі мәні – ха- 

лық  сеніміне  шүбәсіз  ие  болу,  өзіне 

әділдік пен ізгілікті, қайырымдылық- 

ты  серік  ету.  Ол  болашақты,  жақсы 

заманды  қиялдаушы  ғана  емес,  сол 

үшін бар өмірін сарп етіп, соған же- 

ту  үшін  маңдай  терін  төгетін  адам. 

Тегінде, мейірімді жүзінен нұр шаш- 

қан елбасы елге – құт, ал жаман бас- 

шы – жұт. Ерен басшы текті келеді, 

ол  –  көпті  көрген,  ез  бен  ерді  бір-

ден  ажырататын,  жұрттың  бос  қол- 

паштауын қажет етпейтін адам. Мұн- 

дай  тұлғалар  туралыққа,  әділдікке, 

адалдыққа,  шындыққа  ерекше  мән 

береді.  Бұлардың  басты  кредосы  – 

дін мен сенім. «Дін мен сенімді ме- 

дет тұтқан адам ғана ұлағаттық атты 

иеленеді». Дін мен сенім – биліктің 

қос  бабы.  Ол  –  тұлғаның  ары  мен 

намысы,  ел  алдындағы  парызы  мен 

қарызы.

Дін мен сенім жүрген жерде тірліктің 

түбірі мықты болады. Дулатидің дін 

туралы,  әсіресе  дін  психологиясы 

жайлы  көзқарастары  арнайы  зерт-

теуді  қажет  етеді.  Ғұламаның  бұл 

бағыттағы  ізденістеріне  зер  салсақ, 

одан  біраз  мағлұматтарды  аңғаруға 

болады.  Бұл  туралы  белгілі  ғалым 

М.Мырзахметұлы:  «Сол  кездегі  ис-

лам  дінінің  Орта  Азиядағы  жағда- 

йы,  қоғамдағы  саяси-әлеуметтік  кү- 

рестегі  орны,  түрік  халықтары  ара-

сында  кеңінен  таралған  Нақышбан- 

диа,  Насауия,  Уванш  ордендері  мен 

теріс жолға түскен «Нурбахши», «Ша- 

масин» секталары туралы, яғни жал- 

пы  суфизм  жайлы  терең  ойлар  қоз- 

ғап,  көп  нәрселерден  хабардар  ете- 

ді», – дейді. Мұхаммед Хайдар діни 

қызметкер болмаса да, сол кезеңдегі 

қоғамның  рухани  болмысын  терең 

сезініп, ислам діні мен сопылық ағым- 

ның  табиғатынан,  дін  жолындағы 

ғалымдардың жазғандарынан хабар-

дар болғаны байқалады. Сол себепті 

ғұлама  шығармасындағы  ислам  діні 

мен сопылық жайлы ой-танымын, ірі 

шейхтер  мен  маулана  атанған  діни 

ғалымдар  жайлы  пікірлерін  ғылы- 

ми тұрғыдан танып білудің айрықша 

мәні бар деп білеміз.

Дулати  негізінен  сопылық  жолдағы 

шейхтер  мен  ғалымдарға  біраз  тоқ- 

талып,  олар  жайлы  деректерді  жиі 

келтіреді.  Ғұлама  шығармасы  арқы- 

лы  шейх,  имам,  мауланалар  (молда-

лар)  өмірі,  олардың  ұстанған  діни 

ағымдары жайлы біраз мағлұмат алу- 

ға  болады.  Дулатидің  еңбегінде  кө- 

бінесе  сөз  болатын  ғұламалар:  Аб-

драхман Жами, Әлішер Науаи, Сайфи, 

Хафиз  Али,  т.б.  Шығармада  Абай 

көп  айтатын  ғұлама  –  Диуани  тура- 

лы біраз мағлұмат беріледі. Мұхаммед 

Қазидің  «Сисилет  ал-арифин»  (Ге-





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет