Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет234/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДУЛАТИ  МҰХАММЕД  ХАЙДАР 

(1499-1551) –  орта  ғасырдағы  қазақ 

ғалымы.  Ұлы  жүздің  Дулат  тайпа- 

сынан  шыққан  Мұхаммед  Хайдар 

Дулатидің  «Тарихи  Рашиди»  («Ра- 

шидтің  тарихы»)  атты  шежіресінде 

сол  кездегі  көшпелі  қазақтардың  өз 

көршілерімен қарым-қатынасы, олар- 

дың тыныс-тіршілігі суреттеледі. Осы 

шығарманың қазақ тарихына қатыс- 

ты тұстарын В.В.Веньяминов-Зернов 

(1830-1904),  сондай-ақ  жекелеген 

үзінділерін  қазақтың  белгілі  тарих-

шысы С.Асфендияров (1889-1938) та 

тәржімалаған. Шежіренің нұсқалары 

Ленинград  пен  Душанбе  кітапхана- 

ларында сақтаулы. «Тарихи Рашиди-

де»  көтерілген  басты  мәселенің  бі- 

рі – Сейіт хан мен Мұхаммед Хайдар- 

дың, Қасым ханның ордасында қонақ 

болған кезінде сұхбаттасқан түрлі та- 

қырып төңірегіндегі әңгімелері. Мұн- 

да көшпелі дала тұрғындарының әдет-

ғұрып,  әлеуметтік-психологиялық, 

этнографиялық  ерекшеліктері  сөз 

болады.  Мына  төмендегі  шағын 

үзіндіде сол кездегі қазақ халқының 

этностық  ерекшелігі,  өзіндік  психо-

логиясы жақсы көрсетілген: «...Біз – 

даланың халқымыз, бізде сирек ұшы- 

расатын,  қымбат  заттарымыз  жоқ, 

дүние жиһаздарымыз да көп болмай-

ды. Ең басты байлығымыз – жылқы, 

оның  еті  мен  терісі  біздің    ең  тәуір 

тамағымыз  бен  киіміміз...  жерімізде 

бау-бақша  да,  ғимараттар  да  жоқ, 

біздің көңіл көтеретін жеріміз – мал- 

дың  жайылымы  мен  жылқы  үйірі, 

сондықтан біз жылқыға көзіміз той- 

май  қызыға  қарап  тамашалаймыз... 

Дала  адамдарына  жылқысыз  өмір  – 

қараң қалған өмір... Біздегі ең кәусар 

ішімдік жылқының сүті және одан жа- 

салатын сусын – қымыз... егер де ме- 

нің  өтінішімді  орындаудың  ең  жақ- 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет