Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет232/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ДОСМ

ДОСМ


163

да, «аламандық бар жерде әлеуметші- 

лік  бола  алмайды,  әлеуметшіліксіз 

қазақта ұлт тiршiлiгi, ұлт мемлекеті  

болуы  мүмкін  емес»  деуі  де  ғылы- 

милығы жағынан терең тұжырым.

Халелдің  психологияның  әр  жақты 

мәселелері  мен  байланысты  айтқан 

басқа пікірлері де мазмұны жағынан 

терең. «Адамның табиғаттағы бір мі-

незі, – дейді ол, – ойын-сауық қуып, 

қызықтап  кетуі.  Ойнамайтын  адам 

жоқ.  Күлмеген  адам  –  адам  емес. 

Салтымызға, тұрмысымызға қарай тү- 

зелуге  елімізде  көп  ойындар  бар. 

«Халықтың құлқы, мінезі, ойы, – дей- 

ді автор, өз пікірін әрмен қарай жал- 

ғастырып,  –  заманындағы  әдебиеті- 

нен  білінеді.  Әдебиет  –  халықтың 

түрлі  қимылдарының  айнасы...  Осы 

әдебиетті тексеріп отырсақ, қазақтың 

өткендегі құлқы, мінезі, заманында- 

ғы күйiнiшi, сүйініші, арасында бол- 

ған түрлі әлеуметтік қимылдары анық 

сезіледі...  Бұрынғы  әдебиетпен  та- 

нысқанда  қазақтың  бойына  біткен 

мінездің  бірнеше  түрі  орасан  ады-

райып тұр».

Ғұлама  ғалымның  психологиялық 

тұрғыдан ерекше назар аудартар ен- 

дігі бір түйіні – ұлттық психология- 

ның  қалыптасуына  қоғамдық  орта- 

ның, әсіресе ондағы әлеуметтік тәр- 

биенің ықпалы жайлы мәселе. «Ұлт 

мемлекетін жасап, – деп жазды ол, – 

қазақ арасынан әлеуметшілікті туғы- 

замыз  деген  дәуірде  тұрмыз.  Жаңа 

әлеуметшілікті  тура  жолмен  жасау 

үшін елдің бұрынғы, соңғы әлеумет 

мінездерін  тексеру  керек...  Әлеу- 

метшіліксіз қазақта ұлт тіршiлігі, ұлт 

мемлекеті болуы мүмкін емес. Қазақ 

әлеуметшілігінің өткенін жөндеп тү- 

сініп, әзіргі қалпын анық көріп, кемі- 

сін болжай білу... – оқыған зиялыла-

рымызды  мінеді...  Оңды  әлеуметші- 

лік құру үшін елдің өткен-кеткен тұр- 

мысын, бұрынғы болған әлеумет қи- 

мылдарын тану керек».

Бұл  түйіндерден  оның  ұлт  (этнос) 

психологиясының іргелі мәселелері- 

нің  ерекше  көңіл  аударғанын  бай- 

қаймыз. Оның физиология мен пси- 

хологияның  көптеген  терминдік 

атауларын төл тілімізде сонау жиыр-

масыншы жылдардың өзінде-ақ ірік- 

теп,  құрастырғаны  белгілі  болып 

отыр. Мәселен, оның «жүйке жүйесі» 

(нервная система), «жүйке талы» (не-

рвная  волокна),  «жүйке  орталығы» 

(нервный  центр),  «жүйке  түйіні» 

(нервный узел), «ерік» (воля), «сана» 

(сознание),  «бырқыл»  (лабиринт), 

«мишық»  (мозжечок),  «қозу»  (воз-

буждение), т.б. осы іспеттес көптеген 

ғылыми атаулары күні бүгінге дейін 

өзгеріске түспей қолданып келеді.

Х.Досмұхамедұлы тіл, сөйлеу – адам 

психологиясының басты белгілерінің 

бірі екендігін ерекше атап өтеді. «Тіл – 

жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген 

ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт – 

жойылған  жұрт.  Мектеп  пен  бала- 

ның тілі дұрыс болса, елдің тілін көр- 

кейтіп, байытып, гүлдендіреді, мектеп 

пен баспада қолданудан қалған тіл – 

шатасқан тіл. Ол ел – сорлы ел, мұн- 

дай елдің тілі бұзылмай қалмайды... 

Ана  тілін  білмей  тұрып,  бөтенше 

сөйлесең – ол күйініш. Ана тілін жақ- 

сы  біліп  тұрып,  жақсы  сөйлесу  бұл 

сүйініш. Өз тілін білмей тұрып, жат 

тілге еліктей беруі зор қате», – дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет