Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет276/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ЖАЛП

ЖАЛП


195

тасуы  бір  күннің  ісі  емес,  ол  ұзақ 

уақытты қажет етеді, мұндай қабілет- 

ке кісі үнемі оқу, үздіксіз іздену ар- 

қылы  жетеді.  Мәселен,  «Көргеннен 

көрмегенім  көп,  білгеннен  білмеге- 

нім  көп»,  «Көргенің  бір  тоғыз,  көр- 

мегенің  тоқсан  тоғыз»,  «Естімеген 

елде көп», «Адам туа білмейді, жүре 

біледі»,  «Сөйлей-сөйлей  шешен  бо- 

ларсың,  көре-көре  көсем боларсың» 

деген  мақалдардан  да  осы  идеяны 

жақсы  аңғарамыз.  Өмірді  танып  бі- 

лу шексіз процесс.

Танымның  қайнар  бұлағы  –  қоғам- 

дық  тарихи  тәжірибе.  Адам  психо- 

логиясының,  сана-сезімінің  біртін- 

деп  қалыптасуы  ортаға,  ұжымға  тә- 

уелді  екендігін  де  мақал-мәтелдер 

көрсете алған. Мәселен, «Жақсымен 

жүрсең  –  жақсы  боларсың,  жаман- 

мен  жүрсең  –  жын  ұрып,  бақсы 

боларсың», «Көп жастың ішінде бір 

кәрі  болса,  бала  болар;  көп  кәрінің 

ішінде  бір  бала  болса,  дана  болар» 

т.б. осы іспеттес аталы сөздер жоға- 

рыда айтқан тұжырымды қуаттайды.

Мақал-мәтелдер  адамдарды  ақыл- 

ой, сана-сезім жағынан екі топқа бө- 

леді.  Біріншісі,  ақыл-парасаты  мол, 

ойлы адамдар да, екіншісі, бұған қа- 

рама-қарсы,  істің  парқына  оншама 

бара бермейтін, оған үстіртін қарай- 

тындар. Халық ұғымында ақыл баға 

жетпес қазына. Білім, тәжірибе, тәлім-

тәрбие  –  адам  ақылының  нәр  ала- 

тын  бұлақтары.  Халқымыз:  «Ақыл- 

дылар шымыр келер, ақымақтар қы- 

ңыр келер», «Саналы адам сағыңды 

сындырмас,  санасыз  адам  жағыңды 

тындырмас», «Ақымақтың ақылы бі- 

легінде,  ақылдының  ақылы  жүре- 

гінде»,  «Ақылды  адам  батпан-ақ, 

ақылсыз адам сасқалақ» деу арқылы 

ақылды  адам  мен  ақымақ  адамның 

психологиялық  портретін,  өздеріне 

тән ерекшеліктерін жақсы көрсеткен. 

Ақыл – ерен еңбектің жемісі. Ақылды 

болу  үшін  көп  үйреніп,  көп  білу 

керек. Ақыл өте қымбат қасиет, оны 

ерекше қадір тұтқан абзал, білім мен 

ақыл – егіз. Аталмыш идеяны мына 

мақалдар да жақсы көрсетеді: «Алтын 

шірімейді,  ақыл  арымайды»,  «Бой 

жетпеген жерге ой жетеді», «Ақыл аз- 

байды,  білім  тозбайды»,  «Ақыл  – 

дария,  алсаң  да  таусылмас».  Ақыл 

адамның, ес, жад қасиетімен де ты- 

ғыз  байланысты.  Бұлар  бірінсіз  бірі 

алысқа  бара  алмайды.  Адамда  ақыл 

мен естің егіз болып келуі – таптыр- 

майтын  сапа.  Сондықтан  да,  халық 

«Ескінің  бәрі  естен  шықпайды,  жа- 

ңаның бәрі жайнап тұрмайды», «Бай- 

лауы жоқ шешеннен, үндемеген есті 

артық»,  «Есті  ірілік  көрсетпес»  деп 

ақылды, есті адамдарды жұртқа үне- 

мі үлгі етіп отырған.

Тіл  адамдардың  бір-бірмен  қарым-

қатынас  жасайтын  құралы.  Жеке 

адам психологиясының да, қоғамдық 

ой-сананың  да  дамып  жетілуі  үшін 

тілдің  атқаратын  ролі  ұшан-теңіз. 

Тілді меңгеру, шешендік өнерге же- 

тілу  адамға  оңайлықпен  келмейді. 

Халқымыз «Өнер алды – қызыл тіл», 

«Тіл – алмас семсер» дейді. Оны өмір- 

ге дұрыс пайдалана алмаса, ол адам- 

ның  өзіне  тиіп,  ойсыратуы  мүмкін. 

Мәселен,  «Сүйреңдеген  жаман  тіл, 

сүйгеніңнен  айырар»,  «Тура  тілімді  

тия  алмаймын,  туғаныма  сия  ал- 

маймын», «Басқа пәле – тілден» деген 

мақал-мәтелдерде  тіл-дің  ұстарадай 

қылпып  тұрған  нәрсе  екендігі,  оны 

өте шебер пайдалана білу қажеттігі ес- 

ке салынады. Әрине, кез келген адам- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет