Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет352/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИМАНСЫзДЫҚ-ИМАНДЫЛЫҚ. 

Имансыздық – адамгершіліктік прин- 

циптерден  бас  тарту,  құлықсыздық 

(келеңсіз,  ұнамсыз);  адамға  жат  мі- 

нез-құлықтың  атауы.  Мұндай  жат 

мінез-құлық  иелеріне  көп  жағдайда 

шектен шыққан арсыздық тән. Ол адам 

бойында  орынсыз  қатыгездік,  нем- 

құрайдылық,  қажетті  тәлім-тәрбие 

көрмеуден  туындап  жатады,  ондай 

кісі  жағымды  эмоцияға  жұтаң,  ке- 

рісінше,  бетімен  кетушіліктің  шек- 

тен  асқан  көрінісі.  И.  түрлері  әр- 

түрлі: ашық арсыздық, адам баласын 

жек  көру,  мақсатқа  жетудің  қолай- 

сыз  тәсілдерінен  бас  тартпау  және 

т.б.  Аристотельдің  пікірі  бойынша, 

И-тың негізі, қайнар көзі саяси көз- 

қарастардың  кемшіндігінен,  қоғам- 

дық  қатынастардың  бұрмаланған 

түрлері (тирания, олигархия т.б.) әр- 

түрлі күнәһарлықты тудырады: (пай- 

дакүнемдік,  мейірімсіздік,  арамдық, 

дарақылық,  шектен  шығу,  жаулық 

т.б.). Қазіргі заманда бұл мәселе кө- 

кейтесті болып отыр. Сондықтан қа- 

зіргі  жастарға  ғылыми  әдеп  тұрғы- 

сынан имандылық пен ар-ождандық, 

адамгершіліктік  құндылықтар  мен 

принциптерді  қалыптастыру  аса  қа- 

жет.  И.  опасыздық,  ұждансыздық, 

ұятсыздық,  ұлтсыздықпен  тоқайла- 

сады.  Абай  иман  жайында  мынадай 

ой түйген: «Құдай тағала әрбір ақы- 

лы  бар  кісіге  иман  парыз  деген,  әр- 

бір иманы бар кісіге ғибадат парыз». 

Тағы бір жерде «Ұятсызда иман жоқ, 

түпке жетер» деген пікір білдіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   348   349   350   351   352   353   354   355   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет