250
лік иесі. И. дербес өмір сүретін ағза
(бөлек, жеке тірі ағза). Тұлғаның
биологиялық сипатын түсіндіретін
ұғым. Биологиялық, физикалық,
әлеуметтік, психологиялық т.б. қа-
сиеттер жиынтығы бар дараланған
адам.
И. – 1) жеке табиғи мақұлық ре-
тіндегі адам, Ноmо sapiens өкілі,
филогенетикалық және онтогене-
тикалық дамудың өнімі;
2) адамзат қауымының жеке өкілі;
ол тек биологиялық қана емес, соны-
мен қатар, құралдар мен белгілерді
белсенді пайдаланып, соның негізін-
де өз мінез-құлқы мен психикалық
функцияларын меңгеретін әлеумет-
тік пенде. Кеңестік психологияда
адам психологиясын талдауда «инди-
вид», «тұлға», «іс-әрекет субъектісі»,
«жеке-даралық» ұғымдарын бөліп
қарастыру қалыптасқан (Б.Г.Ананьев,
А.Н.Леонтьев, А.Г.Асмолов). Тұлға
ұйымдасуында және оның мінез-
құлқын реттеуде индивидтік қасиет-
тердің маңыздылығы зор. И. едә-
уір жалпылама сипаттамалары: пси-
хофизиологиялық ұйымдасудың тұ-
тастылығы; қоршаған дүниемен өза-
ра әрекеттестіктегі тұрақтылық; бел-
сенділік.
Тұтастылық белгісі И. өмірлік қаты-
настарды жүзеге асыратын алуан
түрлі функциялар мен механизмдер-
дің арасындағы жүйелі байланыс-
тарды көрсетеді. Тұрақтылық И. ақи-
қат дүниеге деген негізгі қатынас-
тарының сақталуын білдіреді. Мұ-
ның өзінде И. икемділігі де жақсы
байқалады. И. белсенділігі оның өзін
өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз
ете отырып, жағдаятқа тәуелділік
пен оның тікелей әсерлерін еңсеру-
ді диалектикалық тұрғыда ұштасты-
рады және қоршаған дүниеден келе-
тін әсерлерге жауап беруінен көрініс
табады.
ИНДУКЦИЯ – жекеден жалпыға
қарай жасалатын ой қорытындысы.
Гүлдер сусыз өмір сүре алмайды,
ағаштар да сусыз өмір сүре алмайды
десек, осы айтылғандардан жалпы-
лап, сусыз өсімдіктер тіршілік ете ал-
майды деген қорытындыны жасай-
мыз. Білімнің жеке-жеке пайым-
даулардан жалпы қағидаларға қарай
ауысуы. И. дедукциямен тығыз бай-
ланысты. Психологияда индукция-
лық пайымдаулардың дамуы мен бұ-
зылуы зерттеледі.
1). Жекеден жалпыға қарай дамитын
логикалық ой тұжырымы.
2). Нейрофизиологияда тітіркену нә-
тижесінде пайда болған алғашқы қо-
зу ошағының маңындағы аймақтар-
ға тарауы.
Достарыңызбен бөлісу: