ИНТЕЛЛЕКТ КОЭФФИЦИЕНТІ
(ағылш. intellectual quotient) – ақыл-
ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы
тұлғаның шын хронологиялық жа-
сына (ШЖ) қатынасы; іQ символы-
мен белгіленетін бұл қатынас мына
формула бойынша анықталады: АЖ :
ШЖ х 100% = іQ. Ақыл-ой жасы жас
шкалаларының бірі арқылы тестілеу
нәтижелерімен анықталады (қ. Зият
тестілері). Әртүрлі жас шкалалары-
на енгізілген тестілердің көпшілігін-
де логикалық, логикалық-перцептив-
тік және арифметикалық амалдар-
дың меңгерілуі, жалпы хабардарлық,
практикалық жағдаяттардағы бағ-
дарлану, ырықты ес (жад) және т.б.
қамтылып орындалатын міндеттер
белгіленеді. Жас шкалаларын құрас-
тырғанда психолог тәжірибе мен түй-
сікті басшылыққа алып, міндет-тап-
сырмаларды іріктейді. Олар өздері
қамтыған материал бойынша (тер-
миндер, ұғымдар, графикалық бейне-
лер және т.б.) ынталандырылатын
ақыл-ой әрекеттері бойынша осы
әлеуметтік қауымдастықтағы шкала
қамтитын жастарға ұғынықты болу-
ға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық
өкілдік іріктемелерде эксперимент
арқылы тексеріледі. И.к. былайша
алынады. Бастапқыда сыналушыға
оның өз жасынан бір жас кіші жас-
қа сәйкесетін тапсырмалар ұсыны-
лады; жас шкаласы бойынша «төмен»
бағытта одан қатарынан бес дұрыс
жауап алу керек. Бұдан әрі шкала
бойынша «жоғары» қарай қатарынан
дұрыс емес жауап алынғанға дейін
тапсырмалар ұсынылуы тиіс. Тесті-
леу осымен шектеледі. Бұдан соң
«балалық жас» тестілерінің санына
барлық дұрыс жауаптарының саны
қосылады. Ерекше кесте бойынша
алынған қосынды қандай ақыл-ой жа-
сына сәйкес келетінін табады. Осы-
дан кейін формула бойынша И.к.
есептеліп шығарылады. И.к. ұғын-
дыруда бұл коэффициент барлық әлеу-
меттік құрамдастықтар үшін ортақ
ешқандай ақыл-ойды немесе зиятты
анықтамайтынын есте ұстау керек,
сол сияқты ол қайсыбір табиғи неме-
Достарыңызбен бөлісу: |