Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет365/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИНТЕ

ИНТЕ


257

се тұқым қуалаған жалпы дарынды- 

лықты диагностикалауға келмейді.

ИНТЕРИОРИзАЦИЯ  (лат.  inte- 

rior – ішкі) – 1.Сыртқы болмыс әре- 

кеттерінің ішкі идеалдық факторлар- 

ға  айналуы.  2.Іс-әрекеттің  екі  жос- 

парлығы:  И.  сыртқы  заттық  іс-әре- 

кеттің ішкі ақыл-ой іс-әрекетіне ауы- 

суын зерттегендер Ж.Пиаже, Л.С.Вы- 

готский,  А.Н.Леонтьев,  П.Я.Гальпе- 

рин т.б. Олардың зерттеулерінде ақыл-

ой  әрекеті  әуелде  сыртқы,  заттық 

әрекет  түрінде  көрініп,  бірте-бірте 

ішкі психикалық амалға ауысатынын 

көрсетеді.  Сыртқы  әрекеттің  ішкі 

амалға ауысуы И. деп аталады. Мыс., 

бала  санауды  үйренгенде,  әуелде 

таяқшаларды  санайды,  оларды  бір-

біріне  қосады.  Содан  соң  біртіндеп 

таяқшалардың  қажеті  болмай  қала- 

ды,  өйткені  есептеу  заттан,  сыртқы 

әрекет күйінен ауысып, ақыл-ойдың 

ісіне  айналады.  Іс-әрекет  объектісі 

сөз бен сан болады. Бала бірте-бірте 

ақыл-ой  әрекетін  жинақтайды  да, 

олар бірігіп барып ақыл-ой қызметін 

құрайды.  И.-  ағза  үшін  тыс  қандай 

да  бір  үрдістің  немесе  құбылыстың 

біртіндеп  ішкі  құбылысқа  айналуы, 

мыс.,  жекелік,  ұжымдық  тәжірибе 

жүзінде атқаратын іс-әрекетінің адам- 

ның  ішкі  психикалық  қасиетіне  не- 

месе қабілетіне айналуы.



ИНТЕРОЦЕПЦИЯ  –  организмнің 

ішкі саңылаулары. Интероцепторлар 

қатарына  механикалық  және  хемо- 

рецепторлар кіреді. Олар барлық ішкі 

мүшелерде кездеседі және сан алуан 

органикалық  процестерге  –  қан- 

ның химиялық құрамы мен қысымы- 

ның өзгеруіне, тканьдердің темпера- 

турасының  өзгеруіне,  асқазанның 

толуының және т.б. өзгеруіне жауап 

береді. И.-ның қызмет етуі көбінесе 

санадан тыс жүзеге асады. Органика- 

лық түйсіктер пайда болғанымен, тек 

диффуздық  түрде  организмнің  жал- 

пы  күйін  комфорт  немесе  диском- 

форт, қысылу немесе босаңсу, маза- 

сыздық немесе тыныштық түріндегі 

көбінесе  эмоционалдық  боялған  кү- 

йін бейнелейді. И.М.Сеченов оларды 

«күңгірт  сезімдер»  деп  атаған.  И-

ның  қызметі  тек  1930  жылдардан 

кейін  ғана,  Кеннонмен  гомеостазис 

ұғымы  ашылғаннан  кейін  ғана  едә- 

уір  толық  түсінікті  болды.  Ағзаның 

ішкі  тепе-теңдік  күйі  немесе  гомео- 

стазис  өмір  сүрудің  қажетті  шарты 

болып табылады.

ИНТРОВЕРСИЯ  –  адамның  өз 

санасын  және  қызығушылығын  өзі- 

не аударуы, өзінің ішкі дүниесіне пси- 

хологиялық  шомуы,  жеке  басының 

мәселелерімен  уайымдарына  бері- 

луі.  Мұндай  жағдайда  адамның  ай- 

наладағыларға және қоршаған орта- 

да болып жатқан жағдайларға деген 

зейіні төмендейді.

ИСТЕРИЯЛЫҚ (қояншық қасиет) – 

адам  өзін  жақсы  көргенде,  айнала- 

дағылардың  өзіне  көңілін  аударту- 

ға, өзін ерекше көрсетуге бейімділі- 

гінде,  керімсалдыққа  тенденциялы- 

ғында,  қылықтың  жасандылығын- 

да, терең сезімнің жоқтығында, адам- 

дар арасында ерекше орын алуға әре- 

кеттенуінде  көрініс  беретін  адам- 

ның акцентуациялық мінез қасиеті.



ИОСТ  зАҢЫ  –  Бұл  1895  жылы 

неміс  психологі  А.Иост  ашқан,  ма- 

ғынасыз сөздік материалды есте сақ- 

таудың  эмпирикалық  заңдылығы. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет