Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет367/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИПОХ

ИІСТ


259

ЙОГА – (санскр. yoga – қосылу, ой- 

ларды шоғырландыру, аңдау) – адам- 

ның  тұлғалық  кемелденуінің  ежелгі 

үнділік  діни-философиялық  жүйесі; 

зейінді барынша шоғырландыру есе- 

бінен психиканы өзгертуге бағыттал- 

ған психо-физикалық жаттығу жүйе- 

сімен байланысты. Йоганың ең ежел- 

гі  нысандары  бастапқыда  ведда  ді- 

нінің шеңберінде дайындалып, оның 

жоралары абыздардан зейінді белгілі 

бір бейнелерге үдете шоғырландыру- 

ды талап етті.

Тиісті  әдістердің  белгіленуі  арқылы 

«сегізмүшелік  Й»  классикалық  жү- 

йесі жасалады. Бұл орайда шәкірттің 

жаттығуы 8 кезеңнен өтеді:

1)  қылықтарды  бақылау  (күштеуші- 

лікке бармау, шыншыл болу, ұрлық- 

қа  жоламау,  сұғанақ  болмау,  нәпсіге 

ермеу);

2)  өзін-өзі  тежеу  (тазалық,  қанағат-

шылдық, аскеттік жаттығулар, қасиет- 

ті мәтіндерді дауыстап қайталау, құ- 

дайға жалбарыну);

3) денені дұрыс ұстау (84 «аспаннан» 

тұратын жүйе);

4) тыныс алуды бақылау (пранаяма) – 

тыныс  алу  ырғағын  біртіндеп  баяу-

лату әдістерінің жиынтығы; йоганың 

түсініктерінде барлық психикалық про- 

цестердің, ең алдымен, ойлаудың ыр- 

ғағы осы тыныс алумен байланысты;

5) сезімдерді тежеу – шоғырлану, шо- 

му  мақсатында  сыртқы  сезімдердің 

қызметін тоқтату;

6) зейінді сыртқы бір (шағын) объек- 

тіге шоғырландыру;

7)  медитация  –  зейінді  шоғырлан-

дырудың ең биік дәрежесі, объектіге 

«сіңу» күйі;

8)  транстық  медитация  (самадхи)  – 

зейіннің  шомуы  арқылы  Мен-ді  се- 

зінуден қалу.

Транстық  күйдің  екі  типі  саралана- 

ды: 1-ші жағдайда объектіні сол кү- 

йінде түйсіну әлі қалмайды, 2-ші жағ- 

дайда  субъекттің  белсенділігі  өзіне- 

өзі тұйықталып, объект туралы түсі- 

нік  атаулы  ғайып  болады.  Психофи- 

зиологиялық  жаттығудың  бұл  атал- 

ған түрі раджа-й деп аталады.

Мұнымен  қатар  азды-көпті  ықшам-

далған жолдар сипатталады:

ұстазбен  (не  құдаймен)  эмоциялық 

байланысты қалыптастыру – бхакти-й;

жоралық іс-қимылдар жасау – карма-й 

және т.б.Йога жүйесі бойынша жат- 

тығу адамның психикасында терең өз- 

герістер  жасауға  тиіс.Бұған  йогтар- 

дың  ішкі  ағзалардың  қызметін  рет- 

теу, ыстық пен суықтың ең шеткі ша- 

маларына  оңай  төзу,  тамақсыз  және 

ауасыз  ұзақ  уақыт  шыдау  және  т.б. 

қабілеттері  жатады.Сонымен  қатар 

йога  мәтіндеріне  жүйені  тұтас  түсі- 

нуді қиындататын бірқатар мифоло- 

гияландырылған  түсініктер  енген.

Йоганың жағымды жағы психикалық 

функцияларды  жаттықтырудың  ға- 

сырлар бойғы тәжірибесі сараланып 

пайдаланғандығында, алайда бұл адам 

психикасының табиғаты туралы мис- 

тикалық және иррационалдық түсінік- 

термен қабаттастырылған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет