Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет366/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ИНТЕ

ИОСТ


258

И.з.  бірдей  ықтималды  шығармада 

ескі  ақпарат,  алдымен,  біртіндеп 

ұмытылады, екіншіден, жаттауға де- 

йін аз қайталауды талап етеді. Иост 

заңы қысқа мерзімді ес пен ұзақ мер- 

зімді естің айырмашылығын зерттеу- 

ге қолданылады.



ИПОХОНДРИЯ  (грек.  hupokhon-

dria – сөзбе-сөз: қабырға асты) – өз 

денсаулығына  шамадан  тыс  көңіл 

бөлушілік,  жазылмайтын  аурумен 

ауырып  қаламын  деп  қорқушылық. 

Ипохондриктер жай жөтелге де қат- 

ты қиналып қайғырады. И-лық син- 

дром психикалық іс-әрекеттің бұзы- 

лу  нышандарының  жиынтығы.  Ас- 

теноневроздық  күй  кезінде,  психо- 

стеникалық  психопатия  мен  мінез 

акцентизациясы, шизофрения, мани- 

калды-депрессиялық  психоз  кезін- 

де байқалады.

ИІС  ТҮЙСІКТЕРІ  –  мұрын  кең- 

сірігіндегі  кілегей  қабықтың  клет- 

каларына түрлі химиялық заттардың 

әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері 

пайда  болады.  Осы  кілегей  қабық- 

тық таяқша тәрізді сезгіш клеткала- 

ры бар. Ауамен бірге мұрынға кіре- 

тін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш 

клеткаларын  тітіркендіріп  отырады. 

Иіс  түйсіктерінің  түрлері  көп.  Бі- 

рақ бұлар әлі күнге дейін белгілі клас- 

сификацияға түспеген.

Өйткені  оларды  дәм  түйсіктерінен 

ажырату кейде қиынға соғады. Сон- 

дықтан да біз көбінесе белгілі бір иіс- 

тің  атын  атаудан  гөрі,  иіс  шығарып 

тұрған  затты  атаймыз  (темекі  исі, 

түтін исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері 

адамның тұрмыс салтына, қызмет ба- 

бына қарай да ерекше дамып отыра- 

ды.  Мәселен,  Африкадағы  бушмен 

тайпалары  арыстанның,  жирафтың, 

зебрдің ізін иіскеп жүріп-ақ оңай та- 

уып  алады,  олар  иісті  ең  жақсы  аң- 

шы  иттерден  артық  біледі.  Индияда 

жыланның  жатқан  жерін  иісінен  бі- 

ліп табатын адамдар бар.

Иісті жақсы сезу соқыр, мылқау, ке- 

рең адамдарда ерекше жетілген. Мә- 

селен,  олар  бөтен  адамдарды,  түр- 

лі нәрселерді алыстан-ақ исінен «та- 

ниды». Үйге кірген адамды да, таныс 

көшесін  де,  тұрған  үйін  де  олар  иі- 

сіне қарап оп-оңай айыра алады.

Иістің  табиғатын  зерттейтін  ғылым 

ольфактроника деп аталады. Иіс түй- 

сіктері адамның көңіл күйіне, жалпы 

психикасына жағымды не жағымсыз 

әсер қалдыруы мүмкін. Мәселен, жұ- 

пар иісті гүл – адамның көңілін сер- 

гітсе, шылымның түтіні – басты ауыр- 

тады. Парфюмериялық заттардың са- 

пасын  арттырып  отыру  –  адам  пси- 

хикасына  қолайлы  әсер  етудің  бір 

факторы екендігі даусыз.

Мектеп  оқушыларының  иіс  түйсік- 

терін тәрбиелеу – мұғалімдердің төл 

істерінің  бірі.  Мұғалім  сабақ  үстін- 

де  де,  сабақтан  тыс  кездерде  де  ба- 

ланың айналасындағы заттарды жан- 

жақты  танып  білуде,  мәселен,  ауа- 

ның тазалығын дұрыс талғай білуге, 

орманның, гүлденген бақтың, шабын- 

дықтың хош иістерін, қарағай, шыр- 

ша ағаштары шайырының жұпар иі- 

сін, теңіз жағалауындағы ауаның тұз- 

ды-сортаң  иісін  сезетіндей  мүмкін- 

дік туғызуы қажет. Оқушылар бұлар- 

дың қайсысы пайдалы, қайсысы зиян 

екенін (мәселен, бұзылған тамақ, иіс 

тигізетін газ, түтін т.б. айыра білетін 

болсын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет