КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТТЫ
ҚАБЫЛДАУ – кеңістік пен уақыт –
материяның өмір сүруінің негізгі
формалары. «Әлбетте, – деп жазды
Ф.Энгельс, – материяның өмір сү-
руінің бұл екі формасы материясыз
түк емес, тек өзіміздің ойымыздағы
бос түсініктер, абстракциялар ғана».
Кеңістік пен уақытты материядан
бөлектеу, оларды материядан аулақ
өмір сүреді деу бұл идеализм тұр-
ғысына көшу болып табылады. Ке-
ңістіктегі объектілерді қабылдау өте
күрделі процесс. Тек адамның нақ-
тылы тәжірибесі арқылы ғана кеңі-
тікті дұрыс қабылдауға болады. Адам
заттардың бірінен-бірінің қашық-
тығын, бет алысын, көлемін, релье-
фін, бағдарын және формасын қа-
былдау арқылы ғана кеңістікті дұ-
рыс қабылдайды. Дүниедегі заттар-
дың барлығы да кеңістікке орналас-
қан. Олардың әрқайсысының белгілі
тұрқы (ұзын, қысқа, енді, енсіз, биік
не аласа т.б,) болады. Сондай-ақ олар
бізден түрлі қашықтықта тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |