278
пайымшылдығына байланысты бо-
лып отыратын сәуегейлік қасиет. «Сен-
дер әнеукүні Балқыбекке трактор жүр-
мейді деп те сәуегейлік қылғансың-
дар, деді Смайыл» (Әуезов). К. бір
жағынан адамның сезім күйіне бай-
ланысты түрлі сенімдер тудырады да,
К. адамның әулиелік, білгіштік қасие-
ті бар екеніне сенім артады. Екінші
жақтан К. шынайы адам бойындағы
қасиет, ол болашақта не болатынын да
болжап айтып, шындықты өзі барып
көріп келгендей екен деген түсінікте
боламыз. Мұның бәрі біздердің сені-
мімізді білдіретін жайттар. Адам на-
ғыз көріпкел бола алмайды. Алайда
оның өмір тәжірибесі оны білгір, әрі
ақылды әрекет деп бағалауға біздерді
сондай сенім мен сезімге икемдейді.
КөСЕМСІНУ – өзін үлкен санап,
былайғыларға ақыл-кеңес айтушы,
білгішсініп, әрбір істің мән-жайы
туралы өзгеге мәлімет беруші адам
мінезіндегі ерекшеліктерді сықақ тү-
рінде анықтау. К. көпшілікке бас-
шылық көрсетіп, өзінің ақылы мен
«даналығын» көрсетуге ұмтылуы.
Әдетте мұндай мінез ерекшеліктері
К-ген адамды халықтың күлкі-маза-
ғына айналдырып, оны келекелейтін
болады. «Жол енді құдалардан бас-
талсын деп, сөйледі көсемсініп Ұр-
қия әжей (Байзақов)».
К. көпшілік арасында жөн-жосық
пен салт-сананы білгенсіп, даурыға
сөйлеп, менмендігін, өркөкіректігін
көрсететін, жағымсыз қылықтары-
мен көзге түсетін адамды да осылай
деп бағалайды. К. адам өзін көпті көр-
ген, өмір тәжірибесімен ысылған па-
йымшыл да ақылгөй адам етіп көрсет-
кісі келеді. Ондай адамдар халық ара-
сында данышпан, кемеңгер болуды
көздеп қилы-қилы әрекеттер жаса-
ғанымен, атақ-құрметке іліге алмай-
ды. Өйткені олардың мінезінің жасан-
дылығы мен ақыл-ойының саязды-
ғын былайғы ел бірден байқайды.
Ондай мінездегі жағымсыз қылықты
Жамбыл өзінің бір туындысында
былай деп мінейді: «Құр кепкеннен
пайда жоқ, сөйлеген сөздің данасын» –
дейді. К. сынай-мінеудің өзге де түр-
лері данасыну (өзін ақылды даныш-
пан санау), дандайсу деген, өзін жо-
ғары ұстау, асып-тасу дейтін сино-
нимдер арқылы да кекесінді түрде
айтылады.
К. ұғымына қарама-қарсы түсінік
даналық. К. – кемеңгерлікті, ақылгөй-
лікті, данышпандықты білдіретін адам
мінезіндегі қасиетті игі сипаттар. «Абай-
дың өз заманында жұрттан асқан
даналығы, бүгінгі бізге қадірлілігі оның
халықты сүюшілігінде (Ақынжанов)».
Адам мінез-құлық сипаттарының кез
келген түрі мен ерекшеліктерінің қа-
рама-қарсы түсініктерінің болуы та-
биғи нәрсе.
Достарыңызбен бөлісу: