Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет397/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

КөШПЕНДІЛЕР  ПСИХОЛО- 

ГИЯСЫ  –  көшпелі  халықтардың 

әлеуметтік-психологиялық  ерекше- 

ліктерінің  жиынтығы.  К.п.  алдымен 

көшпелі  халықтың  экстенсивті  мал 

шаруашылығымен  айналысуына 

байланысты табиғатпен етенелік жағ- 

дайымен  ерекшеленеді.  Адамдар 

ұжымы мен оларды асырайтын ланд- 

шафт арасында тығыз байланыс бо- 

лады, адамды қоршаған табиғат олар- 

дың күнделікті өмірінің бір элементі 

ретінде көрініс береді. Қазақ жерінің 



КөСЕ

КөШП


279

қатаң  континенттік  шырайы  (жазы- 

ның  ыстықтығы,  қысының  суықты- 

ғы)  өзін  мекендеген  халыққа  мейір- 

бандық сыйлаған. Табиғаттың қатал- 

дығын өз көзімен көріп, басынан кеші- 

ріп  жүрген  адам  өзгеге  мұндай  қа- 

талдықты тілей қоймайды. Көшпелі- 

лер сұлу табиғат аясында малын ай- 

дап, бір орыннан екінші орынға жыл- 

жып отырды. Сол жолда айбынды тау- 

лар, айдынды көлдер, құрақты өзен- 

дер, көз жетпес жазықтар бірінен соң 

бірі  алмасып  өтіп  жатты.  Халықты 

аясына алып әлдилеген сұлу табиғат 

оның  көкірегіне  әсем  ән  мен  тәтті 

күйді  ұялатпай  қоймайды.  Сондық- 

тан көшпелі халықтар өнершіл келе- 

ді және олардың фольклоры бай бо- 

лады.  Табиғатпен  үнемі  етене  бай- 

ланыста болу, төл өсіру, хайуанаттар- 

мен  жақындық  адамды  мейірімді- 

лікке  баулиды.  Қоғамдық  дүниета- 

нымның түзілуіне халықтың рухани 

өмірінде  болып  жататын  процестер 

тікелей әсер етіп отырады. Халық ауыз 

әдебиетінде  үлгі  ретінде  сомдалған 

идеалдар  –  батырдың  мәрттігі  мен 

аңқаулығы,  отаншылдықтың  жоға- 

ры  тұруы,  ар  мен  намысты  қастер- 

леу, әлсізді жәбірлемеу, сұлудың тә- 

каппарлығы,  жетімнің  ақылдылығы, 

тазшаның тапқырлығы, қисынды сөз- 

ге тоқтау ұстанымдарының жиналып 

келіп, көшпенділер ұстанатын құнды- 

лықтарды  айқындайтын  нышандар 

болып табылады. Көшпенділер үшін 

ар  тазалығы  –  ең  қастерлі,  қымбат 

бағаланатын, жоғары ұсталатын мұ- 

раттың бірі. Сертте тұру, арды асқақ- 

тату, сөзге тоқтау көшпелілердің қо- 

ғамдық қатынастарындағы айқындау- 

шы  категория  деңгейіне  дейін  көте- 

рілген.


КРЕАТИВТІЛІК  –  тұлғаның  ай- 

рықша идеяларды шығару, ойлаудың 

дәстүрлі  схемаларынан  кете  алу, 

проблемалық  жағдаяттарды  шеше 

алу қабілеті К. интеллектуалдық қа- 

білеттердің  ішінде  ерекше  тип  ре- 

тінде  бөлініп  шықты.  Гуманистік 

психологияның көрнекті өкілдерінің 

бірі Абрахам Маслоу К. пен өзін-өзі 

танытудың  арақатынасын  зерттеуде 

креативтілік  тұлғаның  жетістігін 

емес,  ол  тұлғаның  өзін  сипаттайды 

деген. Бұл пікірден жетістіктер өзін-

өзі танытатын тұлғаға қатысты екін- 

ші  ретті  болып  табылатыны  көріне- 

ді.  Өзін-өзі  танытатын  тұлғаға  тән 

батылдық,  еркіндік,  спонтандылық, 

тұтастылық,  өзін-өзі  қабылдау,  ай- 

қын  ақыл-ой,  сана  сияқты  мінездік 

қасиеттер  К.-тің  генерализациясына 

әкеледі. Генерализацияланған К. де- 

геніміз – тұлға өмір сүретін барлық 

аумақтарда  көрініс  табатын,  тұлға- 

ның креативтік бағдарлары мен креа- 

тивтік өзіндік қызмет етуі. А.Маслоу 

К-ті тек творчестволық қасиет емес, 

ал нағыз адамгершіліктік қасиет деп 

атаған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет