Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет404/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   877
ҚАБЫ

ҚАБЫ


286

тіп, аса зейін қойған зат әр кезде фи- 

гура  болады  да,  оның  айналасында- 

ғы қоршау фон болып есептелінеді.



Қ А Б Ы Л Д АУД А Ғ Ы   Т И П Т І К 

АЙЫРМАШЫЛЫҚТАР. Адамдар-

дың барлығы біркелкі қабылдай бер- 

мейді.  Мұнда  типтік  өзгешеліктер 

де болады. Кейбір адамдар қабылдау 

кезінде зат пен оның жеке тұрқына, 

сырт көрінісіне көңіл аударуға бейім 

болады да, олар көргенін баяндауды 

ғана мақсат етеді. Енді біреулер сол 

заттың мән- мағынасына көз жібере- 

ді,  қабылдағанын  жан-жақты  түсін- 

діріп  беруді  қажетсінеді.  Осы  ай- 

тылғанға орай бірінші топтағы адам- 

дарды  қабылдаудың  баяндаушы  ти- 

піне, ал екіншілерін түсіндіруші тип- 

ке  жатқызуға  болады.  Қ.  саласында 

адамдар объективтік және субъектив- 

тік  типтер  болып  та  бөлінеді.  бі- 

рінші типтің өкілдері заттар мен құ- 

былыстарды  дәл,  айқын, ешбір  қос- 

пасыз,  сол  қалпында  қабылдайды, 

өз жанынан еш нәрсе қоспайды. Ал 

субъективтік типтегі адамдардың қа- 

былдауында  долбарлау,  қиялдап  жа- 

ңа бейнелер қосу жағы басым келе- 

ді.  Мұндайда  қабылданатын  заттан 

гөрі адамның сезім күйлері (үміт, үрей, 

елжіреу, алдану т.б.) ерекше әсер ете- 

тін болады. Субъективтік типті кейде 

қабылдаудың эмоциялық типі деп те 

атайды. Қ. – синтездік (сыртқы дүние 

заттары  мен  құбылыстарын  үнемі 

тұтастай қабылдап, бірақ оның ұсақ-

түйегіне  жөнді  мән  бермейтіндер), 

анализдік  (мұндайлар  керісінше 

заттардың  ұсақ-түйектеріне  ерекше 

көңіл бөліп, оны тұтастай қабылдау- 

ға шорқақ келетін типтер де кездеседі.

Халық  осылардың  біріншісін  «Көр- 

мес түйені де көрмес» десе, екіншісін 

«Түймедейді түйедей» ететіндер дей- 

ді.  Қ.-дың  өмірге  өте  икемді  типі  – 

анализдік-синтездік  тип.  Қ.  сала- 

сындағы типтік ерекшеліктер бұл ай- 

тылғандармен  ғана  шектелмейді. 

Сондай-ақ  бұлардың  қай-қайсысы 

да тұрақты, өзгермейтіні қасиет емес. 

Тұрмыс, дағды-әдет, іс-әрекеттің мақ- 

саты  мен  мазмұны,  адамның  жас 

және дара ерекшеліктері т.б. белгілі 

жағдайларда  қабылдау  саласындағы 

типтік ерекшеліктерді өзгеріске түсі- 

ріп отырады. Уақытты дұрыс қабыл- 

дау да балаларға қиын. Бөбектер күн 

мен  түнді,  жылдың  төрт  маусымын 

бір  сыдырғы  ажыратқанымен,  бүгін 

мен  ертеңді,  кешегі  мен  бірсүгінді 

бір-бірімен  шатастырып  отырады. 

Олардың  ұзақ  мерзімді,  келер  шақ 

пен  өткен  шақты  қабылдауы  да  өте 

мардымсыз.  Мектеп  жасына  дейінгі 

балалардың  қабылдауы  олар,  іс  қи- 

мыл  әрекетіне  байланысты  және 

эмоциялық  бояуларға  бейім  болып 

келеді.


Мәселен, олардың қозғалмалы, бояу- 

лы заттарға тез зер салғыш келетіні, 

қанық  бояулы  нәрселерге  ерекше 

құмартатыны да осыдан. Төменгі сы- 

ныптарда  оқитын  балалардың  қа- 

былдауында мына төмендегідей ерек- 

шеліктер болады. Олар әлде де бол- 

са  құбылыстарды  тұтас  зат  күйінде 

жөндеп  қабылдай  алмайды.  Бала 

заттың  көлденеңнен  кезіккен  жеке 

қасиеттері мен белгілерін ғана көре- 

ді,  заттарды  талдай  қабылдау  жағы 

да  жеткіліксіз  дәрежеде  болады. 

Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, 

олардың  көзге  бірден  көрінетін 

сыртқы  белгілерін  қабылдауға  ұм- 

тылады. Мұндай қабылдауда белсен- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет