ҚАБІЛЕТ (қабілеттілік, алғырлық,
алғырттылық, мүмкіндік). Қ. деп әр
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне
икемділігін айтады немесе қабілет
дегеніміз – мақсатқа бағдарланған,
тәлім-тәрбие жұмысына байланыс-
ты адамның бір іс-әрекетке ұйым-
дасқан түрде бейімделуі және оны
нәтижелі етіп атқаруы. Қ. адамның
білімді, ептілікті, дарынды біршама
жеңіл меңгеруіне және қандай да бір
іс-әрекетпен ойдағыдай айналысуы-
на көмектеседі. Қабілеттілік әрбір
адамда түрліше сипатта болады. Адам-
ның белгілі бір іс-әрекет түріне қа-
білетті болуы екі түрлі көрсеткіш ар-
қылы анықталады: 1) іс-әрекетті тез
өзгерту; 2) іс-әрекетті орындау нәти-
жесінің сапасы. Егер адам өзге адам-
дармен салыстарғанда, біріншіден,
бастаған істі қалайда болмасын тез
және табысты меңгеріп, сол әрекетке
лайық дағдыны оңай игеретін болса,
екіншіден, белгілі бір деңгейде же-
тістіктерге жетсе, оны қабілетті адам
дейді.
Әрбір адамның іс-әрекетті орындау
тәсілі сол адамдардың психикалық
таным үрдістерінің даму ерекше-
ліктеріне, жүйке жүйесі талдағыш-
тарының жұмысына, сезім мүшеле-
рінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсер-
леніп, қабылдау жылдамдығына
және адамның даралық қасиетіне
байланысты. Қ. адамдағы жеке-да-
ра өзіндік ерекшелік, яғни бір адам-
ның екінші адамнан айырмашылы-
ғын көрсететін психологиялық сипат,
адамның белгілі бір іс-әрекет түріне
бейімділігі. Қ. – адамның даралық
психологиялық ерекшелігі. Қ. екі
түрі бар:1) адамның екі-үш түрлі іс-
әрекетті атқаруға бейімділігі, өмір
сүруі мен тіршілік етуге деген икемі
және әрекетшіл көрінісі – жалпы
қабілет деп аталады; 2) белгілі бір
істі үздік орындаудан, оған деген
ықылас-ынтадан, дағды мен икемді-
ліктен және даралық ерекшеліктері-
нен көрініс беретін – арнаулы қабі-
лет те болады.
Адамның істеген ісі мен әрекетін
бақылап көрмей тұрып, оны сол іске
қабілетті не қабілетсіз деп кесіп ай-
туға болмайды. Мыс., сурет өнерінің
әліппесімен әлі танысып үлгірмеген
баланы өнердің бұл түріне қабілет-
ті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек
ұйымдастырылған іс-әрекет негізін-
де ғана оның қаншалықты бейімді
екендігін білуге болады. Адамның
қабілеті тұқым қуалау факторына
және өмір тәжірибесі мен тәлім-тәрбие
істерінің нәтижесінің үнемі дамып
жетілуіне байланысты. Қ-ті сақтау-
дағы сәтсіздіктер – өз тарапынан жұ-
мысқа деген қабілеттілігін сақтай-
мын деген әрекеттеріне қарамастан,
адамның жұмысқа деген қабілеттігін
Достарыңызбен бөлісу: |