287
ділік жағы аз болады. Егер объектіні
қабылдау қиынға соқса, бала оған
қынжылмайды, екіншісіне ауыса-
ды, қабылдаған затының жеке бө-
ліктерін тізбектей алғанмен, бірақ
онда жүйе болмайды. Мәселен, оқу-
шы көбелектің құрылысын айтқан
кезде: «Көбелектің қанаты ақ. Қана-
тында дөңгелек қара нүкте бар. Кө-
белектің мұрты, көзі, құйрықшасы
болады» деп жай тізбектейді де, оның
негізгі ерекшеліктерін (түрі, түсі т.б.)
айтуды естен шығарады. Кейде бала
нәрсенің жеке жақтарын қабылдай-
ды да, оның тұтас зат екенін ескер-
мей қалады.
Достарыңызбен бөлісу: