Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет443/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – бұл халқы- 

мыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Қа- 

зақтардың, – деп жазды, осы халық- 

тың  өмірін,  тұрмыс-салтын  алғаш 

зерттеушілердің  бірі  А.И.Левшин, 

(1799-1879) – басқа Азия халықтары- 

на қарағанда... қайырымдылық, адам- 

ды аяу, қарттарға құрмет көрсету, ба- 

ланы аялап, жанындай жақсы көруі – 

айрықша қасиеті». Біздер  «жылуы 

жоқ  үйден  без,  қайырымы  жоқ  би- 

ден без» деп, осынау қасиеттен жұр- 

дай  адамның  жұртқа  қадірі  болмай- 

тынын  бірден  кесіп  айтатын  халық- 

пыз. Адам өміріндегі ең игі істің бі- 

рі  қаріп-қасірге, кедей-кепшік, жар- 

лы-жақыбайларға  қамқорлық  жасау. 

«Құран кәрімде» де қайыр-садақа бе- 

ру  –  әр  адамның  мұсылмандық  па- 

рызы делінген. Қайырымдылық  кең 

мағыналы  ұғым.  Мәселен,  отбасын- 

дағы үлкеннің кішіге қамқорлығы, кі- 

шінің үлкенге ізеті, баланың ата-ана- 

ға,  әке-шешенің  бала-шағасына  ме- 

йір-шапағаты, ұл мен қыздың ер жет- 

кен  соң  еліне  қызмет  етуі    қайы- 

рымдылықтың түрлі көріністері мен 

қайнар  көздері.  Халқымыз  өз  ұрпа- 

ғына осы қастерлі қасиетті ес біліп, 

етек  жаба  бастаған  кезден  үйретіп, 

мұны тұрмыстық салтқа, адамгерші- 

лік  дәстүрге  айналдырып  отырған. 

Халық  «бір  үйлі  жансың,  бір-біріңе 

меймансың», «бір-біріңді сыйласаң – 

жан  семіреді»    деп,  қайырымды- 

лық  қасиетті  ұрпағына  мирас  етіп, 

ерекше  қадір  тұтып,  қастерлеп  кел- 

генін біздер еш уақытта естен шығар- 

мауымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   439   440   441   442   443   444   445   446   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет