Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет460/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   877
ҚОНА

ҚОНА


326

зіп  ілу,  төрге  шығарып,  қолына  су 

құйып, сүлгі ұсыну, т.б. игі ілтипатты 

отбасында негізінен жас балалар ат- 

қарған. Қазақ аулында қонақтың кө- 

ңілін  көтеру  үшін  «қонақ  кәде»  жа- 

сайтын дәстүр бар. Ол алдымен «ауыл- 

дың алты ауызынан» басталады. Мұн- 

да  күй  тартылып,  ән,  өлең-жыр  ай- 

тылады.


Оған  қонақтар  да  қатыстырылады. 

Кейде «қонақ кәде» бірте-бірте өнер 

сайысына  да  айналады.  Онда  ауыл 

адамдарынан қонақтар да өнерін ір- 

кіп  қалмайды.  Өнерлі  қонақты  ат- 

тандырарда үй иесі өзінің шама-шар- 

қына  қарай  оған  сый-сияпат,  жол-

жоралғы  жасайды.  Қазақ  салтында 

қонақтарға  сусын  ұсынудың  өзіндік 

рет,  салты  бар.  Мәселен,  шәй  құю 

үйдің бойжеткеніне жүктеледі. Ол шәй 

құюдың  жөн-жосығын  жас  кезінен- 

ақ өзінің шешесінен, апа-жеңгелері- 

нен үйреніп өседі. Шәй құюға қажет- 

ті  икемділік  пен  шеберлікке  жастай 

баулынған  бойжеткен  шәй  құйғанда 

кесе-шәйнекті  орынсыз  сылдырлат- 

пай,  ауыстырып  алмай,  оларды  қо- 

нақтарға әдептілікпен ұсынуы керек. 

Самаурынның суын кесеге сызылтып 

құюдың орнына шорылдата құю, не 

кесені  қонаққа  ұсынғанда  жоғары 

не тым төмен ұстау қыз тәрбиесінің 

кемшілігі болып есептеледі.

Сондай-ақ, кеседегі шәйдің шамадан 

тыс қою, не сұйық болуы, көлемінің 

аз не шамадан тыс мол құйылуы да 

қолайсыз  болады.  Әдетте  қонақтың 

шәйға  қанғанда  болдым,  ішпеймін 

деп берген белгісін түсіне білу қажет. 

Қонақтардың бірі кесенің бетін ала- 

қанымен жапса, екіншісі – кесені төң- 

кереді, үшіншісі – кесені бір бүйірге 

жантайтып  жығып  қояды.  Жөн-жо- 

сықты білетін бойжеткен осы жәйт- 

терді жіті аңғарып, анда-санда қонақ- 

тарына сыпайылықпен сөз тастап, та- 

ғы да шәй ішкізудің, «сый аяқ» құю- 

дың  жолын  қарастырады.  Мұндағы 

орынды  әзіл-оспақ,  зілсіз  күлкі  қо- 

нақтарды  көңілдендіре  түсетіні  хақ. 

Қазақ  әйелдері  қонақ  күтуді  өздері 

үшін қатал сын деп түсінетін. Қонақ 

түскен  үйдің  қарттарынан  бастап, 

жас  балаларына  дейін  оның  риза- 

шылықпен аттануын сол отбасының 

басты парызы деп түсінген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет