Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет463/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚОРҚ

ҚОРҚ


328

тының  басына  тамаша  ғимарат  ес- 

керткіш  орнатылуы  оған  деген  құр- 

меттің белгісі.

Қорқыт  ата  нақылдарында  тәлім-

тәрбиелік  сипаттағы  ақыл-кеңестер 

әр қырынан сөз болғанын жоғарыда 

айттық. Мәселен, имандылық, кісілік, 

қанағатшылдық, әрекетшілік жайын- 

да айтылған мынадай ақылдарға құ- 

лақ түргеніміз абзал. «Тәңіріне сиын- 

баған адамның тілегі қабыл болмай- 

ды...  Жігіт  тірісінде  Қаратаудай  қы- 

лып,  бір  күн  тыныштық  көрмей  дү- 

ние жияды, байиды. Бірақ соның іші- 

нен ол өзіне тиісті үлесін ғана жейді. 

Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүй- 

мейді. Басқалардан өзін жоғары ұста- 

ған адамға тәңірі бақ бермейді...».

Дана  ойшылдың  ата-ананы  сыйлап, 

құрметтеу,  үйішілік  жарасымды  қа- 

рым-қатынас, ұл мен қыз тәрбиесі, адам- 

ның әр түрлі мінез-құлық сипаттары 

жайында айтқан тағылымдары да бү- 

гінгі  ұрпаққа  өнеге  боларлықтай: 

«Өзіңнен тумаса ұл өгей: қаншама ба- 

ғып, қаққанмен ол саған ұл болмай- 

ды... мыңғырған мал жиғанмен, адам 

жомарт атанбас. Анадан өнеге көрме- 

ген  қыз  жаман,  атадан  тағылым  ал- 

маған  ұл  жаман.  Ондай  бала  ел  ба- 

сын құрап, үйінен дәм беруге де жа- 

рамайды.  Ананың  көңілі  балада  бо- 

лар... Ұлың өсіп жетілсе, от басының 

мерейі, бас-көзі».

Қорқыт ата жеткіншек, жас өспірім- 

дердің жанымен қоса тәнінің шыны- 

ғуына, ел мен жерін жан-тәнімен сү- 

йіп,  оны  қасықтай  қаны  қалғанша 

жаудан  қорғайтын  жаужүрек  батыр 

болғанын  аңсайды.  Осыған  орай  ол 

былай дейді: «Жол қиындығын көр- 

меген,  жабы  мінген  жігітке  садағы- 

ның оғы да қылыштай кесіп түседі... 

Қолыңа ұстаған болат қылышың мұ- 

қалмасын.  Жауға  атқан  садағың  өт- 

кір болсын».

Кемеңгер дала ойшылы жас жеткін- 

шектің көпшіл, қонақжай, ата жолын 

қуған ақпейіл адам болғанын қалай- 

ды. («Қонағы жоқ қараша үйден құ- 

лазыған түз артық... Ата даңқын шы- 

ғарып, өзінің тегін қуған балаға еш- 

кім жетпейді. Өтірік сөз өрге баспай- 

ды. Өтірікші болғаннан жарық көріп, 

өмір сүрмеген көп артық. Сөзіне бе- 

рік,  шыншыл  адамға  бұл  дүниеде 

отыз жасты үшке көбейтіп, өмір сүр- 

се  де  аз»).  От  басы,  ошақ  қасының, 

үй  іші  тыныс-тіршілігінің  берекесі, 

ұрпақ  тәрбиесінің,  әйел  жұртының 

кескін-келбетімен қатар, әдепті, көре- 

генді,  адамгершілік,  иманжүзділік 

қасиеттерімен  де  тікелей  байланы- 

сып  жатады.  Осыған  орай  Қорқыт 

ата әйелдердің төрт түріне берген си- 

паттамасы  психологиялық  жағынан 

ерекше  көңіл  аударады.  Мәселен, 

әйелдердің бір тобы отбасының тіре- 

гі,  үйдің  құты,  қонақжай,  үрім-бұ- 

тақтары  өсіп-өнген  жандар  болса; 

екіншісі-ынсапсыз, қанағатсыз; үшін- 

шісі – салдыр-салақ, өсекшіл келеді 

дейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет