Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет457/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ҚОЖА

ҚОЖА


323

түрінде баяндай бермей, мәселенің іш- 

кі ғылыми астарына, оның пәлсапа- 

лық, психологиялық жақтарына терең- 

деу  үшін  баяндайды.  Бұл  жерде 

оның бүкіл әлемдік педагогика клас- 

сиктерінің (Аристотель, Платон, Ко- 

менский, Песталоцци, Локк, Фребель, 

Гербарт,  т.б.)  ғылыми  мұраларына 

жасаған  талдаулары  оқырман  наза- 

рын өзіне мықтап баурап алады. Қа- 

зақ топырағында сол жылдарда осы- 

нау  ғұламалардың  тәліми  мұралары 

көпшілікке мәлім болмағандығы бел- 

гілі.  Өйткені,  20-жылдары  осындай 

ақыл-ой алыптары жайлы сөз қозға- 

ған  жекелеген  зиялыларымыздың 

(О.Қарашұлы,  М.Жұмабаев,  Ж.Ай- 

мауытов) азды-көпті еңбектері белгі- 

лі  себептермен  көпшілік  жұртшы- 

лыққа беймәлім болып келді.

Осы  тұрғыдан  алып  қарағанымызда 

С.Қожахметовтың  педагогика  тари- 

хына байланысты еңбектерін өлкеміз- 

дегі осы ғылымның алғашқы қарлы- 

ғаштары десек артық болмас еді. Ав- 

тор аталмыш еңбектерінде педагоги- 

ка  мен  педагогика  тарихын  бір-бі- 

рінен алшақтатпай, екеуін өзара үй- 

лестіріп, сол кездегі қазақ мектебінің 

талап-тілегіне байланыстыра сөз етіп 

отырады. Автор еңбектерінде теория- 

лық  пайымдаулармен  қатар  мәнді 

ұсыныс-тілектер  де  көптеп  кездесе- 

ді.  Мәселен,  қазақ  мектебіндегі  са- 

бақтың негізгі элементтері мен құры- 

лымдары,  бұлардың  өзіндік  функ- 

циялары мен мақсаттары, шәкірттер- 

ге  сабақ  берудің  әдістері  мен  амал- 

дары  (сұрақ,  жауаптың  сан  алуан 

штрихтары) т.б. тартымды баяндалған.

Оқушылардың білімін бағалау жөнін- 

де  айтқан  автор  түйіндері  психоло- 

гиялық  жағынан  өте  маңызды.  Ол: 

«Мұғалім...  оқушылардың  үйде  жұ- 

мыс істеуіне мүмкіншіліктері бар-жо- 

ғын, денсаулығын және ұғыну зерек- 

тік өзгешеліктерін де еске алып оты- 

руы  шарт,  өйткені  бұлардың  барлы- 

ғы да оқушылардың сабақ үлгеріміне 

әсер  етеді  Кейбір  оқушының  есту 

сезімі, ал кейбіреудің көру сезімі ба- 

сым келеді... адамның маңайындағы 

құбылыстарды түсінулері және ойға 

ұстап қалулары бірдей емес»... Ғалым 

шәкірт  білімін  бағалауда  қателіктер 

жібермес үшін мұғалім өз оқушыла- 

рын бес саусағындай білуі, олардың 

психологиясын жазбай тануы керек. 

Бұл үшін ол %-психологиялық зерт- 

теу  әдістерімен  жәй  хабардар  бол- 

май, оларды оқу-тәрбие практикасын- 

да  үнемі  қолданып  отыруы  қажет 

дейді.


С.Қожахметов шәкірттердің адамгер- 

шілік пен әдеп, саналы тәртіпке тәр- 

биелу  мәселелерінің  психологиялық 

астарларына  байланысты  бірнеше 

еңбек жазды. Соның бірі – 1940 жылы 

Қазақ  мемлекет  баспасынан  жарық 

көрген «Оқушыларды саналы тәртіп- 

ке тәрбиелеу туралы» кітапшасы.

Автор өз еңбегінде дүниежүзілік пе- 

дагогиканың  классигі  Ян  Амос  Ко- 

менскийдің «Тәртібі жоқ мектеп – су- 

сыз диірменмен тең» дейтін афориз- 

мін эпиграф етіп алады. Еңбек негізі- 

нен қазақ (ауыл) мұғалімдеріне, олар- 

дың  педагогикалық-психологиялық 

таным-түсініктерін жетілдіре түсу мақ- 

сатында жазылған. «...Жұмыстан күр- 

делі нәтиже шығару үшін, – дейді ол, – 

еңбектің  өнімін  арттыру  үшін,  ең 

алдымен тәртіп керек. Тәртіп – адам- 

ның еңбекке қатынасының ең басты 

бір белгісі болып табылады... Саналы 

тәртіп  оқушылардың  азаматтық  қа- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   453   454   455   456   457   458   459   460   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет