329
бісі өлеңмен жазылған) шығарма-
лардың авторы. Ал, ән мен күй, музы-
ка саласында жазған еңбектерінің
өзі бір төбе.
Шәкәрім шығармаларында адам-
ның жан мен тән, адам психологиясы
туралы айтылған сындарлы ғылыми
ой-пікірлер көптеп кездеседі. Мәсе-
лен, ақынның психологияға байла-
нысты көзқарасын «Анық пен танық»,
«Қазақ айнасы», «Мұсылмандық
шарты» т.б. шығармаларынан кез-
дестіреміз. Бұларда ғұлама адамдар-
ға сыртқы дүниенің, қоршаған таби-
ғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл,
оның өлшеусіз байлығын мұратыңа,
қасиетіңе жарат, бұл үшін Алла таға-
ла адамға ми берді, білу, нану, ұғыну,
тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шы-
ғады деп тұжырым жасайды. Тән
сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек, Мұ-
рын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.
Бесеуінен мидағы ой хабар айтып,
Жақсы-жаман әр істі сол тексермек.
Шәкәрім адам жанының әртүрлі жағ-
дайда көрінетінін айтады. Өзінше
бұлардан орысша-қазақша термин
жасағысы келеді. «...Инстинкт – се-
зімді жан, сознание – аңғарлық жан,
мысль – ойлайтын жан, ум – ақыл-
ды жан» дегендей әртүрлі қасиет-
терді тізбектейді. Дене әр түрге түс-
кен сияқты жан да өсіп, өніп, жоға-
рылайды... толық терең ақыл адам-
нан шығады... Совесть (ұждан) – жан-
ның тірегі... ми, жұлын – жанның
тұрағы, ол бұзылса, электрия сияқты
жан да кетеді, дейді.
Ақын ми қызметі адамның сезім мү-
шелерінің әрекеті арқылы іске асады
дей отыра, кісінің ойға алған ісін
жүзеге асыруы, оның әділетті, әділет-
сіз болуы, ізгілікті қууы немесе жа-
уыздық жолға түсуі, ақыл мен жүрек-
тің қызметі екендігін дәлелдегісі ке-
леді. Сөйтіп, ол жанның миға бай-
ланысты екенін мойындағанмен оның
мәңгі-бақи өлмейтiндігіне сенеді. Осы-
ған орай ол былай дейді: «Мен жан
жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таң
қаламын... жанның барлығын, өлген
соң да жоғалмайтындығына... қанып
қалған әдет,... ақыл ісі ме?... Жан екі
өмірде бірдей керек таяныш екеніне
нана алмаған кісінің жүрегін ешбір
ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазар-
та алмайды». Сондықтан ақыл мен
жүректің жетегіндегі адам тіршілік-
тері барлық нәрсені сарапқа салып,
байыбына барып, терең ойлап, топ-
шылап ақылмен іс қылу, адамдық-
тың басты парызы дейді.
Шәкәрім өзінің пәлсәпалық сипат-
тағы ой-пікірлерін әрмен қарай жал-
ғастырып, жер жүзінде неше түрлі
халық бар, олардың бәр-бәрі де жара-
тылыстың ішкі сырын ұғып-білуге
ынтық, бірі дүниені жаратушы тәңі-
рі – «күн» тіршілік күн нұрынан
жаралады десе, енді бірі «Құдай жоқ»
деп жар салады, үшіншісі – көп құ-
дайға табынса, төртіншісі – міне, құ-
дай деп суретке табынып, ойын он
саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние
сырын білуге ұмтылушылық, – дейді
де, өз ойын, – нағыз тәңірі жолы –
қиянатсыз ақ жүрекпен ақ адал еңбек
ету, – деп түйіндейді. Ақын «Тәңірі
мен жан» деген өлеңінде туу, өсу,
өлу, сондай-ақ өлген жанның топы-
раққа, өсімдікке нәр болып тіршілік-
ке қайта айналып келуі табиғи құбы-
лыс, бар зат мүлде жоғалып кетпей-
ді, жоқтан бар пайда болмайды, тек
заттың, құбылыстың түрі ғана өзге-
реді, жан мен тәннің байланысы осын-
Достарыңызбен бөлісу: