ЛОГОТЕРАПИЯ – психотерапия-
ның В.Франкл талдап-тұжырымда-
ған теориясы мен практикасы. Ло-
готерапия тұлғаның мінез-құлқын-
дағы және оның дамуындағы негізгі
қозғаушы күш адамның өз өмірінің
мән-мағынасын іздеу мен жүзеге
асыруға ұмтылысы болып табыла-
тынын негізге алады. Өмірдің мән-
мағынасының болмауы немесе оны
жүзеге асырудың мүмкін еместігі
адамда экзистенциялдық вакуум жә-
не экзистенциалдық фрустрация кү-
йін тудырады; бұлар селқостық, то-
рығу, өмірге деген ықыластың бол-
мауымен, сондай-ақ іштей ширығу-
ды барынша азайтуға тырысушылық-
пен байланысты неогендік невроз-
дар деп аталатындардың себебі бо-
лып шығады. Логотерапияның прак-
тикасы адамның өз өмірінің ғайып
болған мән-мағынасын қайта табуы-
на көмектесуге бағытталған. Өмір-
дің мән-мағынасының басты негізде-
рінің бірі – доготерапияда – діни се-
нім болып табылады. Сонымен қа-
тар дін мән-мағынаның мүмкін бо-
ларлық бірден-бір негізі емес; бұл
проблеманы дінге сенетін адамда да,
дін ұстанбайтында да бірдей табыс-
ты түрде шешуі мүмкін. Өмірдің
бірегей мән-мағынасын немесе нақ
сол функцияны атқаратын жалпыла-
ма құндылықтарды пациент үш сала-
ның біреуінен: шығармашылықтан,
біз өзіміз өзгерте алмайтын жағдай-
ларға қатысты көзқарас тұрғысынан
ұғына отырып қабылдаудан және
оны бастан кешіруден табуы мүмкін.
Логотерапия практикасында негізгі
әдіс сократтық диалог әдісі болып
табылады және ол тән сипатты нео-
гендік невроздар терапиясы кезінде
қолданылады. Логотерапияда, сон-
дай-ақ фобиялар мен жабыспа күй-
Достарыңызбен бөлісу: |