353
МАҒЫНА – қоршаған ортадағы әр-
түрлі құбылыстардың өзіндік мәнін
тұлғаның түсінуі, М. оның объектив-
тік шындыққа субъективтік қатына-
сынан көрініс береді. Л.С.Выгот-
ский мен А.Н.Леонтьевтің пайымдау-
ларынша, М. түрткінің мақсатқа қа-
тынасы, яғни, тұлға шынайы реттеп
туралай алады, мұнда жетекші рөлді
түрткі атқарады да, содан М. адам
санасын қарастыратын басты өлшем
бірлігіне айналады.
МАҒЫНАCЫНА БАЙЛАНЫСТЫ
КЕДЕРГІ. Белгілі құбылыстың ма-
ғынасын әртүрлі түсінуге байланыс-
ты адамдар арасында кездесетін ке-
дергі. Көбінесе ересектер мен бала-
лардың өзара қарым-қатынастарын-
да болады. Ол ересектердің талабы
дұрыс екенін біліп тұрса да, бала ойын
түсінбеу салдарынан туындайды.
Өйткені балада қалыптасқан пікір-
лер мен құндылықтар үлкендер тү-
йіндерімен бір-біріне сәйкес келе
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: