ЛУРИЯ АЛЕКСАНДР РОМАНО-
ВИЧ (1902-1977) – медиц.ғ.д.,
психол. ғ.д., КСРО Педагогикалық
академияның толық мүшесі, әлемдік
нейропсихологияның негізін салу-
шылардың бірі. Л.С.Выготскийдің
аса көрнекті серігі. Өткен ғасырдың
30-шы жылдары тарихи-мәдени тео-
рияның қоғам тыныс-тіршілігінен
қалайша көрініс беретінін байқау үшін
ғылыми экспедицияны басқарып Өз-
бекстан мен Қырғызстан дихандары
арасына барып, зерттеу жүргізген.
Мұның нәтижелері «Таным процес-
терінің тарихи дамуы туралы» (М,
1974) атты жеке кітап болып жарық
көрді. Оның Ұлы Отан соғысы ке-
зінде басталған зерттеулері жоғары
психикалық функциялардың ми ал-
қаптарындағы локализациясы (орна-
ласуы), мидың зақымдануын қалпы-
на келтіру мәселелерімен ойдағыдай
ұштасты, нейро-психологиялық кон-
цепцияны жасауға алып келді. Ол
әлемдік психология ғылымында ней-
ро-психологиялық диагностикасы мен
әдістемесін, дефектологиялық пси-
хологияның іргетасын қалады. Өмі-
рінің соңғы жылдарында еске тұ-
тудың нейропсихологиясы мен ней-
ролингвистиканың мәселелерін зерт-
теумен шұғылданды. Оның көп-
теген шәкірттері (Хомская, Цветкова
т.б.) нейропсихология мен нейрофи-
зиологиядағы әлемге әйгілі Лурия
мектебін дамытып келеді. Оның ең-
бектері көптеген шетел тілдеріне ау-
дарылған. Негізгі еңбектері: «Речь и
интеллект в развитии ребенка» (1927),
«Травматическая афазия» (1945), «Вос-
становление функции мозга после
военной травмы» (М, 1948), «Выс-
шее корковые функции человека»
(МС, 1962), «Мозг человека и пси-
хические процессы» (М, 1963), «Ос-
новы нейропсихологии» (М, 1973) и др.
Достарыңызбен бөлісу: |