Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет530/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МОМЫ

МОМЫ


378

Солдат жанында командирі тұрғанын 

сезсе, көрсе, батыл да сенімді әрекет 

етеді.  Ал  командир  толқи  бастаса, 

жауынгерлері  де  толқып,  командир 

қорықса – солдаттарды әп-сәтте үрей 

билеп алатынына назар аудартады.

Командир  ең  алдымен  өзінің  ішкі 

қорқынышын жеңіп, толқуын басып 

алмай  ұрысқа  басшылық  жасауға 

қақысы  жоқ.  Өзі  табандылық  көр- 

сете алмай тұрған командир жауын- 

герлерін ерлікке жұмылдыра алмай- 

ды.  Командир  сәтсіздіктен  қорқып, 

тайсақтамауы  керек,  ол  қатал  әрі 

қарамағындағыларға әділ болуға тиіс. 

Міне,  сонда  ғана  солдат  одан  әділ 

мемлекет өкілін көреді, оған үздіксіз 

сенеді. Командир жауынгерлеріне же- 

ке  үлгі  көрсетіп  те  сондай-ақ  мәж- 

бүр  ету  арқылы  да  ықпал  етіп  оты- 

рады. Ол солдатты үнемі тынымсыз 

бақылап, олардың жай-күйін қадаға- 

лап отыруға міндетті, өйткені коман- 

дир  бүкіл  ұрыстың  сәтті  аяқталуын 

қамтамасыз  етуші,  жеңістің  атасы. 

Офицер басшылық ету психологиясын 

әбден меңгерген парасатты адам бо- 

луы  шарт.  Офицердің  болмысын 

түсінбей  ұрыс  пен  шайқастың  мән-

мағынасын  терең  түсініп  ұға  алу 

қиын.


Әскери  психологиялық  ой-пікірлер 

тарихында  сирек  ұшырасатын  Мо- 

мышұлы  қолданған  кейбір  ұғымдар 

мен  түсініктерге  тоқталып  өтейік. 

Олар  төмендегідей:  ойлау  (мышле- 

ние), ес (память), назар (внимание), 

мінез  (характер),  сезім  (чувство), 

парыз  (долг),  ар  (совесть),  абырой 

(гордость),  ұят  (стыд),  масқара  бо- 

лу  (позор),  жігерлендіру  (вооду- 

шевление), өзара көмек көрсету және 

коллектившілдік  сезім  (взаимная 

выручка или чувство коллективизма), 

үрей  (боязнь),  қорқыныш  (страх), 

зәресі,  үрейі  ұшу  (ужас),  сасу  (па- 

ника), үміт үзу (отчаяние), өжеттілік, 

қайсарлық  (дерзновение),  ұлттық 

рух (национальный дух), ұлттық пат- 

риотизм  (национальный  патрио- 

тизм),  күншілдік  (зависть),  зерігу 

(скука),  қулық  (притворство),  екі- 

жүзділік  (лицемерие),  күдік  (сом- 

нение),  тобыр  (толпа),  ерік  (воля), 

ынтасыздық  (невнимательность), 

салақтық (неаккуратность), күш-қай- 

рат  (энергия),  табандылық  (настой- 

чивость),  өзін-өзі  ұстай  білу  (само- 

обладание), бастаманы қолға алу (ини- 

циатива),  батылдық  (храбрость), 

шешімсіздік  (нерешительность),  мі- 

незсіздік  (бесхарактерность),  т.б. 

Батыр  қырықтан  астам  психология- 

лық  ұғымдар  мен  түсініктерге  тоқ- 

талып,  оларға  нақты  да  дәл  әрі  ай- 

қын,  қанатты  сөздей  қысқа  анық- 

тама  беріп  отырады.  Б.Момышұлы 

талдаған  психологиялық  термин- 

дердің  ауқымы  мен  аясы,  мазмұны 

мен ғылыми астары өте кең. Қарама- 

ғындағы  жауынгерлердің  тыныс-

тіршілігін, мінез-құлқын, қабілет-қа- 

рымын,  өз  міндетін  тамыршыдай 

тап  басатын  командир  ретінде  ол 

солдат психологиясына соншалықты 

зейін  салып,  терең  үңіле  білгендігі 

ерекше байқалады. Мәселен, күдік – 

қорқыныштың  бір  түрі,  ойдың  тол- 

қуы  деген  анықтама  беріп,  күдікте- 

не  бастаған  командирдің  өз  мінде- 

тін  орынбасарына  арта  салып,  жа- 

уапкершіліктен  қашқақтайтынына 

ерекше  тоқталып,  дивизия  коман- 

дирі  генерал  Черниговтың  ақылы- 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   526   527   528   529   530   531   532   533   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет