Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет527/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   877
МИ ҚЫ

МНЕМ


375

қалдыру  қажет  болған  кезде  меха- 

никалық мнемоникалық әдіспен еске 

қалдырып жаттаған дұрыс.



М О М Ы Ш Ұ Л Ы   БАУ Ы РЖ А Н 

(1910-1982).  Қазіргі  Жамыл  облы- 

сының  Жуалы  ауданындағы  «Көл- 

бастау»  деген  мекенде  туған.  Жеті 

жылдық білім алған соң біраз уақыт 

мектеп мұғалімі болған. 1936 жылы 

қайтадан әскер қатарына алынып, ро- 

та  командирі  болады.  1941  жылы 

Соғыс басталысымен ол генерал-ма- 

йор  И.В.Панфиловтың  басшылы- 

ғымен  Алматы  маңындағы  жаңадан 

жасақталған  316-атқыштар  (8  гвар- 

дия) дивизиясының құрамында атта- 

нып, батальон, полк командирі қыз- 

меттерін атқарған. Соғыс кезінде же- 

ке басының қаһармандығымен ерек- 

ше  көзге  түсті,  батырлық  атақ-даң- 

қы алысқа тарады.

Соғыстан  кейін  Кеңес  Армиясы  бас 

штабының  Жоғары  Әскери  Акаде- 

миясын  бітіріп,  әскери-педагогика- 

лық  қызметпен  айналысып,  әскери 

академиясында сабақ берді. 1956 жы- 

лы  полковник  атағымен  отставкаға 

шығып,  бірыңғай  шығармашылық- 

пен айналысты.

Психология  ғылымының  шет  ел- 

дерде  кең  өріс  алған  салаларының 

бірі – әскери психология. Қазақстанда 

осы саланың іргесін қалаушы Б.Мо- 

мышұлы  болды.  Бұл  жөнінде  оның 

«Соғыс жылдарында» еңбегі мен со- 

ғыс  тақырыбына  жазған  еңбектері 

дәлел.  Шын  мәнінде  ол  ірі  әскери 

теоретик, қазақтан шыққан алғашқы 

әскери ғалым.

Қазақ  халқының  жауынгерлік  пси- 

хологиясы, жаужүрек батырлығы мен 

ерлігі, қаһармандығы, қолбасшылық 

қабілет-қарымы,  әскерлерді  ерлік 

жасауға жұмылдыра білу қасиеті, ше- 

шендігі  мен  әмір  ете  білушілік  си- 

паты бұрын-соңды дәл Момышұлын- 

дай ешбір тұлғадан көрініс таба ал- 

ған жоқ.


Ол  өзін  сұрапыл  шайқастарда  шы- 

ғармашылық  тұрғыдан  терең  ойлай 

білетін,  солдат  жанын  терең  түсіне- 

тін психолог командир ретінде таны- 

та  алды.  Момышұлы  өзінің  еңбек- 

терінде,  ең  алдымен,  ұрыс  кезіндегі 

солдат  психологиясына  жан-жақты 

талдау  жасай  келіп,  ұрыс  дегеніміз 

дұшпанға  ұйымдасқан  түрде  техни- 

камен,  қару-жарақ  күшімен,  психи- 

камен,  ақылмен  әсер  ету  деп  түйді. 

Ол  солдатқа  ықпал  ету  құралдары 

түрлерінің  ішінен  ақыл-айламен 

әсер  етуге  ерекше  мән  берді.  Оның 

пікірінше,  ұрыс  тек  соғыс  құрал- 

дарының  шайқасы  емес,  ол  сондай-

ақ бір-бірімен жауласқан екі жақтың 

ақыл-парасатының,  жауынгер  рухы- 

ның, оның ерік-жігер, қажыр-қайрат, 

сезім  дүниесінің  шайқасы.  Кімде 

рухани күш басым болса, көбіне тіз- 

гіні  де  соның  қолына  көшеді.  Дұш- 

панға атыс құралдарымен ықпал ету- 

ден ақылмен ықпал ету кем түспей- 

ді.  Адам  бойындағы  бүкіл  жақсы-

жаман қасиеттер, алған тәлім-тәрбие, 

үлгі-өнеге, Отанға, елге сүйіспенші- 

лік, батылдық пен ерлік, қоянжүрек- 

тіліктің  нағыз  сынға  түсер  жері  де 

осы ұрыс, қоян-қолтық шайқас. «Тек 

ұрыста ғана, – деп жазды ол, – адам- 

ның  барлық  қасиеті  сынға  түседі... 

ұрыс психологиясы сан қырлы... Ұрыс 

жалған  батырлықтың  бет  пердесін 

сыпырып  тастайды»  Ұрыс  үстінде 

алдымен  сынға  түсетін  жаяу  әскер. 

Сондықтан  басқа  әскер  түрлерімен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   523   524   525   526   527   528   529   530   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет