381
бұлардың адамның жан дүниесінде-
гі алатын орнын анықтауға, ойлау
әрекетінің мән-жайын ашуға арнал-
ған. Автор ақыл-ойдың өрістеп оты-
руын тарихи-этникалық тұрғыдан
зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам ин-
теллектісінің дамуы оның өмір сүр-
ген ортасына, тіршілік жағдайы
мен әлеуметтік қарым-қатынасына
байланысты болып отыратындығын
қазақ елі өмірінен алынған нақты-
лы деректермен дәлелдейді. Мәсе-
лен, ол қазақ халқының Қазан төң-
керісіне дейінгі өмір тіршілігі мен
экономикалық жағдайына, әлеумет-
тік ортаға байланысты ақыл-ойы мен
интеллектісінің дамуындағы бір-
сыпыра өзіндік ерекшеліктерінің қа-
лыптасу жолын арнайы жүргізілген
тәжірибелер арқылы сипаттайды, Ол
халқымыздың ақыл-ойы мен өмір
тәжірибесінің жиынтығын ғылымда
продуктивті және рефлексия (ой жү-
йелілігі) деп аталатын ғылыми атау-
лар төңірегінен іздестіреді. Осы ай-
тылған жан қуатының көріністерінің
айтыс өнері мен мақал-мәтелдерде
орын алатынын айта келіп, ғалым өз-
ге кісінің жағдайына көңіл аударып,
оның ішкі ойын өзіне айтқызбай-
ақ алдын ала білу, яғни ғылыми тіл-
де когнитивтік эмпатия деп аталатын
жан қасиетін Сырым батыр мен жас
келіншектің арасындағы өткір сөзге
құрылған диалог арқылы жақсы
көрсетеді. М.Мұқанов сауатсыз адам-
дардың (тәжірибе Қытайдан келген
қазақтарға жасалынған. – Қ.Ж.)
ойлау қызметінде де рефлексия бар
екендігін дәлелдеп, әр халықтың
тарихи дамуында айналысқан кәсібі
(қазақтар үшін мал шаруашылы-
ғы) оның өзіндік ақыл-ой ерекшелік-
терінің қалыптасуына елеулі әсер
ететіндігін байқаған. Мәселен, тә-
жірибе жасауға қажет болған жағдай-
да олардың май шамның орнына
тезек отын пайдалануы. Автор оқы-
маған адамдарда теориялық пікір
айту кездеспейді деу қате, өйткені,
теорияның төркіні тәжірибеден өр-
біп отырады деп түйіндейді. Зерт-
теуде әр халықтың өмір сүру бары-
сында, тұрмыс-тіршілігінде кездесе-
тін түрлі ырым-жорамалдар әртүрлі
заттар мен құбылыстардың түр-тү-
сін, жеке қасиеттерін айыра білудегі
кейбір өзіндік ерекшеліктері (бұған
жағрапиялық орта, соңдай-ақ таби-
ғаттың экологиялық жағдайлары
маңызды әсер ететіндігі), адамның
өсіп-жетілуіндегі ауызекі сөз бен жаз-
ба сөздің ес процесінде тигізетін түр-
лі ықпалы туралы сөз болады.
М.Мұқанов жүргізген ендігі бір
экспериментте оқымаған сауатсыз
адамдардың есте сақтау қабілеті күш-
ті болатындығы анықталған. Мәсе-
лен, көшпенді ата-бабаларымыз-
дың тыныс-тіршілігінде жазба де-
ректердің болмауы, түрлі ақпарат
хабары мөлшерінің аздығы, сезім
мүшелерін қосарлай пайдалануы
олардың суырыпсалма, шешендік
қабілетінің күшті болуы М.Мұқа-
новтың пікірінше ауызекі сөз әлде-
қайда көп сақталады, өйткені ол жиі
пайдаланылады. Және жұрт бұған
бар ықылас-ынтасын салады, ал
жазба сөздің есті онша өсірмейтін-
дігі – оқыған адамның білгендерін
қағазға (қойын дәптеріне) жазып
алуға әдеттенгеніне байланысты бол-
са керек.
Достарыңызбен бөлісу: