Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет536/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МҮШЕЛ    ЖАС  –  адамды  жас  ша- 

масына  қарай  атағанда,  ол  көбінесе 

мүшел  жасының  мөлшеріне  бай- 

ланысты  айтылады.  Біз  қазір  адам- 

ның туған күнін, белгілі бір уақиға- 

ның 10, 20, 40, 50, 60 тәрізді дөңге- 

лек  сандарға  толған  мерзімін  –  мү- 

шел  жасы,  мүшелді  жылы  дейміз, 

яғни  атаулы  күн,  елеулі  жыл  деген 

ұғымда.  Қазақ  халқы  көне  дәуір- 

дегі  жыл  санау  дәстүрінде  адамның 

әрбір 12 жыл толып, 13-ші жылға аяқ 

басқан жасын мүшел деген. Мысалы, 

13, 25, 37, 49, 61. Бұлай болып келу- 

дің  себебі  қазақтың  жыл  санауында 

әрбір жылға шартты түрде ат қойып 

есептеуіне байланысты. Қазақ 12 ай- 

ды  бір  жыл  деп,  12  жылды  бір  мү- 

шел деп санаған. Мүшелдегі 12 жыл- 

ға – Тышқан, Сиыр, Барыс, Қоян, Ұлу, 

Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, 

Ит,  Доңыз  деп  ат  қойып,  жылдың 

басы  Тышқан  болсын,  жаңа  жыл 

наурыз күнінен басталсын деп ережеге 

келіскен де, осы тәртіп бойынша ха- 

лықтық күнтізбе жасаған.

Мүшел жас – циклымен 12 ай атау- 

ларын бір бірімен шатастырып алмау 

үшін оларды есте мұқият сақтау үшін 

халқымыз  бұларға  психологиялық 

жағынан теңдесі жоқ тақпақ тіркес- 

терін ойлап тапқан. Мәселен, біздің 

көшпенді  ата-бабалармыз  жыл  қа- 

йыру  тәсілін  оңайлату  мақсатында 

мына  төмендегі  төрт  жол  өлеңді 

жаттаған: «Түйе сеніп бойына, Қалған 

ұмыт  жылдардан,  Жатпа  қарап, 

мойыма,  Тайма  именіп  ділмардан». 

Мұнда  әрбір  сөздің  бірінші  әрпі 

жылдардың  атына  түйе  –  тышқан, 

сеніп – сиыр, бойына – барыс, қалған – 

қоян, ұмыт – ұлу, жылдардан – жы- 

лан,  жатпа  –  жылқы,  қарап  –  қой, 

мойыма – мешін, тайма – тауық, име- 

ніп – ит, ділмардан – доңыз, ал сөй- 

лемдегі  сөздердің  бір-бірімен  ретті 

тіркестері тетелес жыл атауының тіз- 

бегіне  сай  келеді.  Бірақ  адам  осын- 

дай  құрғақ  жаттаумен  алысқа  бара 

алмайды. Өйткені, бұл құбылыстар- 

дың ішкі мәнін түсіндірмейді. Естің 

бұл түрін тек қосалқы сүйеніш етіп, 

негізінен мағыналы есте қалдыруды 

дамытқанымыз пайдалы.

Адамды  жасына  қарай  атауда  тағы 

бір  еске  алатын  этнографиялық  сәт 

бар.  Ол  –  бір  адамның  өмірін  100 

жылға  мөлшерлеп,  оны  Дәуір  деп 

атайды.  «Елу  жылда  ең  жаңа,  жүз 

жылда – қазан» деген мәтел сөз өл- 

ген адамға «дәуір садақасы» деп мол- 

даларға  мал  беріп,  марқұмның  өмір 

бойғы  күнәсін  сатып  құтылу,  кейде 

бір  ғасыр  аралығын  бір  дәуір  деп 

атау  содан  қалған  салт.  Жыл  санау- 

дың  мүшелдік  әдісі  бір  ғана  қазақ- 

та  ғана  емес,  басқа  да  шығыс  елде- 

рінде көне заманнан бар тәсіл.

Қазақта  адамның  жасын  айырушы-

ларды  «жыл  қайырушы»  деп  ата- 

ған.  Адамдарды  жас  мөлшері  мен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет