Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет534/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

МҰҚА

МҰҚА


382

Автор  кейбір  ғалымдардың  «ха- 

лықтардың  жағрапиялық  орнала- 

суына,  ұлтына,  т.б.  қасиеттеріне  қа- 

рап  тілдері  бай,  кедей  деп  бөлетіні, 

мәселен, «түркі тілдес халықтардың 

тілі  кедей,  күрделі  ойды  жеткізуге 

икемділігі аз, өйткені бұл тілдер тек 

кейінгі  кезде  ғана  қалыптасты»,  – 

дейтін  ұшқары  пікірлерін  әшкере- 

леп, оны нақтылы фактілер келтіріп 

дәлелдейді.  Шындығына  келсек  қа- 

зақ  халқының  сөз  байлығы  кейбі- 

реулер айтатындай, әсте кедей емес, 

қайта  тілдік  қоры  орасан  бай  өрке- 

ниетті  халықтардың  қай-қайсымен 

болса да жарысқа түсе аларлық, да- 

риядай мол дүние. Мәселен, Ш.Жан- 

әбіловтің  «Қазақ  тіліндегі  мал  ша- 

руашылығының  терминдері»  деген 

зерттеуінде (1953) негізінен мал ша- 

руашылығымен  айналысқан  ата-ба- 

баларымыз төрт түлікке байланысты 

үш  мыңнан  аса  атаулары  бар  екен. 

Соның ішінде тек түйенің өзіне ғана 

қарасты  үш  жүздей  сөз  кездесетіні 

нақты деректер арқылы көрсетілген. 

Соңдай-ақ  қазақтың  он  томдық  тү- 

сіндірме сөздігінде «көз», «бет» ұғым- 

дарының  әрқайсысының  қырық- 

тан астам синонимдерінің бар екен- 

дігі де көп жайтты аңғартса керек.

Өзінің этнос психологиясына байла- 

нысты  көп  жылғы  зерттеулерін  қо- 

рытындылай келіп, профессор М.Мұ- 

қанов  адамның  ойлау  әрекеті  ин- 

вариантты (өзгермейтін) және өзгер- 

мелі  болып  отыратындығын,  мұның 

өзі қоғамдық-әлеуметтік, тарихи дә- 

уірдің  бір  кезеңінен  екіншісіне  өт- 

кенде ойлау механизмі өзіндік ерек- 

шеліктеріне  орай  өзгеріске  түсіп 

отыратындығы  –  адам  интеллекті- 

сінің инвариантты жағы психология- 

лық дамудың алғышарты және басты 

тірегі ретінде яғни қоғам дамуы мен 

кісінің ой-өрісі шарттас болатынды- 

ғын,  мұның  дамудың  барлық  ке- 

зеңдерінде де орын алып отыратын- 

дығын  дәлелдеп  берді.  М.Мұқанов 

қазақ  этнопсихологиясы  саласында 

ұлттық кадрларды даярлауға да біраз 

үлес  қосты.  Оның  жетекшілігімен 

бірнеше  адам  (Б.Ыбыраев,  Қ.Нұр- 

ғалиев,  Н.Нұртазина,  т.б.)  диссерта- 

ция  қорғады.  Осы  салада  бірер  ең- 

бектер жазылды. Осы деректер М.Мұ- 

қановтың  ұлттық  психология  са- 

ласында жемісті еңбек еткенінің жақ- 

сы айғағы.



МҰҢАЮ  –  адамның  бұрын  басы- 

нан  кешірген  қолайсыз  оқиғалары 

мен жүзеге аспаған сәтсіз істері жа- 

йындағы дәрменсіз ойы, құрғақ қия- 

лы. Мұндай жағдай адамның тыны- 

шын  алады,  ойын  бөліп,  қиялын 

сан-саққа  жүгіртуі  мүмкін.  Бұл  кө- 

бінесе ерік-жігері нашар, білімі мен 

тәжірибесі  таяз  адамдарда  жиі  кез- 

десетін  психикалық  күйдің  енжар 

түрі.  Орыстың  ұлы  жазушысы  Н.В. 

Гоголь  өзінің  «Өлі  жандар»  рома- 

нында  Маниловтың  образы  арқы- 

лы осы жағдайды тамаша көрсеткен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет