41
ренттік жүйке құрылымының жиын-
тығын білдіреді. Көру, есту, дәм сезу,
иіс сезу, тері, қимыл-қозғалыс (кинес-
тетикалық) т.с.с. талдағыштар (анали-
заторлар) бар А. – организмнің сырт-
қы және ішкі ортасынан келетін ті-
тіркендіргіштерді талдау және син-
тездеу қызметін атқаратын жүйке
аппараты. Түйсіктердің физиология-
лық негіздері болып табылатын – ол
тітіркендіргіштің оған сәйкес анали-
заторға (сезім мүшесіне) әсері нәти-
жесінде пайда болатын жүйке проце-
сі. И.П.Павлов бойынша, анализатор –
бұл тітіркендіргіштерді қабылдау,
өңдеу және оларға жауап қайтаруға
қатысатын афференттік және эффе-
ренттік жүйке жолдарының жиынты-
ғы. А. – тітіркендіргіштердің әсері-
мен рефлекторлық түрде өзгеріп оты-
ратын белсенді мүше, сондықтан түй-
сік пассивті емес, ал әрқашан қозға-
лыстық компоненттерден тұратын
белсенді психикалық процесс болып
табылады. А. үш бөлімнен тұрады: Пе-
рифериялық бөлім (рецептор) – сырт-
қы энергияны жүйке процесіне айнал-
дыратын арнайы трансформатор.
Афференттік (орталыққа бағытталған)
және эфференттік (орталықтан шыға-
тын) жүйке талшықтары немесе өт-
кізгіш жолдар; А-дың мидағы қабық-
асты және қабықты бөлімдері; бұлар-
да перифериялық (шеткі) бөлімдер-
ден келетін жүйке импульстарының
өңдеуі іске асады. А-дың шеткі бө-
лімдерінің белгілі бір жасушаларына
ми қыртысы жасушаларының белгілі
бір бөлімшелері сәйкес келеді. Осы-
лайша, мыс., көз торының әртүрлі нүк-
телеріне ми қыртысында кеңістік бо-
йынша әртүрлі орналасқан нүктелер
сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: