ОЙЛАУ ТЕОРИЯЛАРЫ. Ойлау
үрдісін түсіндіретін белгілі теория-
ларға тоқталатын болсақ, ең алдымен
бұл тұжырымдамаларды екі үлкен
топқа бөлуге болады: бірінші топқа
жататын тұжырымдаманың өкілдері
адамдарда өмір тәжірибесінің әсері-
мен өзгермейтін табиғи, интеллек-
туалдық қабілеттіктердің болатын-
дығы туралы қағидадан туындайды,
екінші топтағы тұжырымдаманың
негізіне ақыл-ой қабілеттіліктері
өмірге келгеннен кейін, өмір бойы
қалыптасады және дамиды деген тү-
сінікті жатқызады.
1. Бірінші тұжырым бойынша ин-
теллектуалдық қабілеттіктер және
интеллектінің өзі жаңа білімді алу
мақсатында қабылдау мен ақпаратты
өңдеуді қамтамасыз ететін ішкі құ-
рылымның жиынтығы ретінде анық-
талады. Сәйкес келетін интеллектуал-
дық құрылымдар даяр күйінде адам-
да туғаннан беріледі, бірте-бірте ор-
ганизмнің ес үрдісінде дамиды деп
есептеледі. Бұл интеллектуалдық қа-
білеттіліктер (нышандар) идеясы не-
міс психологтарының мектебінде
орындалған ойлау саласындағы көп-
теген еңбектерге тән. Ол ерекше ай-
қын ойлаудың гештальт теориясын-
да берілген. Бұл теория бойынша
құрылымды қалыптастыру және қай-
та өзгерту, оларды реалдік шындық-
ты көру интеллектінің негізі болып
табылады.
2.Бұл теорияға қарама-қарсы интел-
лектінің, генетикалық тұжырымдама-
лары бойынша ақыл-ой қабілеттілік-
тері туғаннан берілмейді, өмірге кел-
геннен кейін қалыптасады және да-
миды деген қағиданы пайымдайды.
Генетикалық, тұжырымдамалар ойла-
уды сыртқы ортаның ықпалынан дей
келіп, субъекттің өзіндік ішкі дамуы
идеясынан немесе екеуінің өзара әре-
кетінен деп түсіндірді.
Ойлаудың өзіндік тұжырымдамала-
ры психологиялық зерттеулердің тө-
мен-дегідей бағыттарында қарасты-
рылады: эмпирикалық субъективтік
психологияда, ассоциативтік сипаты
жағынан және интроспективтік негіз-
гі әдісі бойынша, гештальтпсихоло-
гияда алдыңғыдан айырмашылығы
тек қана психикалық үрдістердің эле-
менттілігін жоққа шығаруы және
олардың тұтастығының жеке эле-
менттер құрамына қарағанда үстем-
дік етуі, артықшылығын мойындады,
оның ішінде ойлауда, бихевиоризм-
де, оның жақтаушылары ойлау үрді-
Достарыңызбен бөлісу: |