397
лау формаларының табиғатын зерт-
тейді. Ойлаудың физиологиялық
негіздері И.П.Павловтың бірінші
және екінші сигнал жүйесі жөніндегі
іліміне байланысты түсіндіріледі. О.-
ми қыртысының күрделі формадағы
анализдік-синтездік қызметінің нә-
тижесі, мұнда екінші сигнал жүйе-
сіндегі уақытша жүйке байланыста-
ры жетекші рөл атқарады. Екінші
сигнал жүйесінде жүйке қызметінің
өз алдына дербес заңдары бар деу-
ге болмайды. Сигнал жүйелерінің
мидағы заңдылықтары бірдей. Бірақ
олардың айырмашылықтары мына-
да: егер бірінші сигнал жүйесіндегі
реакциялар нақтылы құбылыстарға
байланысты туса, екінші сигнал жү-
йесі оларды жалпылап отырады. Ой-
ша байымдау (қорытынды шығару).
Бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа
пікір шығаратын ойлау операциясы –
ой қорытындылары деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: