42
АНАМНЕз – адаммен тиімді жұмыс-
ты ұйымдастыру мақсатында әртүрлі
әдістермен алынған ол жөніндегі мағ-
лұматтардың жиынтығы. А. ең алға-
шында медициналық психологияда
қолданылған болатын. Психологияның
осы саласының өкілдері сол кездің
өзінде объективтік А. – ауру адам-
ның айналасындағы адамдардан алы-
натын мағлұматтарды және субъек-
тивтік А. – ауру адамның өзінен алы-
натын мағлұматтарды бөліп көрсеткен.
Қазіргі кезде А. ұғымы медициналық
психология шеңберінен шығып, ауру
процесімен байланысынан босап, адам-
ның жеке-дара даму тарихы деген
ұғымның синонимі ретінде қолданы-
лады. Анамнез ұғымының медицина-
дан алынуы, оның әдістерінің психо-
логияға тікелей ауысуы қажет деген
сөз емес. Мысалы, мектеп психологі
баламен жұмыс жасағанда, ол жөнін-
де негізгі ақпаратты жақындарынан,
ең алдымен ата-аналарынан алады.
Психологияда анамнездік мағлұмат-
тарды алудың бірнеше түрлері бар:
1) Объективті анамнезде мектеп пси-
хологі бала жөніндегі мәліметті ата-
анасынан, мұғалімінен және т.б. жа-
қын адамдарынан алады. 2) Субъектив-
ті анамнезде әңгімелесу баланың өзі-
мен өтеді. 3) Қосымша ақпараттар-
ды – құжаттар, медициналық карта-
лар, мінездемелер, ведомостар, оқу үл-
герімі, күнделіктер, баланың іс-әрекет
нәтижелерін зерттеу. Тәжірибелі пси-
хологтың негізгі міндеті – психика-
лық дамудың белгілі бір жолын анық-
тайтын факторларды, яғни бала өмірі-
нің мәнді оқиғалары мен жағдайла-
рын және олардың психиканың өз-
геруіне әсер ету дәрежесін табу.
Достарыңызбен бөлісу: