Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет576/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   877
ОРГА

ОРНЫ


412

Дифференциалдық  психологияда  О. 

жүйке процестерінің пайда болуы мен 

тоқтауын  сипаттайтын  қасиеттердің 

бірі болып табылады.

ОТАНСҮЙГІШТІК.  Халқымыз кір 

жуып,  кіндік  кескен  атамекенін  ая- 

лап, елін, тілі мен мәдениетін, әдебие- 

ті мен тарихыи, біртуар аяулы перзент- 

терін мақтан тұтып, қадірлеп-қастер- 

леуді ұрпағына аманат еткен.

Бізде қай жүзге жататыныңды, қай ру-

дан екеніңді білу ес жиып, есейгеннің 

белгісіндей  дей  отыра,  мұның  түпкі 

мақсат-мұраты біреу, ол – ынтымақты 

ел  болу  деп  есептейміз.  Ер-азамат 

үшін туған халқын жан-тәнімен сүю, 

оның шаруашылығы мен мәдениеті- 

нің өркендеп, көркеюіне бар күш-жі- 

гері  мен  білімін,  еңбегін  жұмсап, 

үлес  қосу  перзенттік  парыз  болған, 

Қаз  дауысты  Қазыбек  би:  «Алтын 

ұяң – Отан қымбат... туып-өскен елің 

қымбат, кіндік кесіп, кір жуған жерің 

қымбат», – деп тебіренген ғой. Қазақ 

елі – біздің Отанымыз, атамекеніміз, 

қастерлеп келе жатқан туған жеріміз. 

Осы  жерді  жан-тәнімен  сүйетіндер 

де,  оны  көздің  қарашығындай  қор- 

ғап, сақтайтындар да ең алдымен қа- 

зақ  халқы,  оның  сендердей  ізбасар- 

лары. Қаршадайынан өз отбасын, әке- 

сі  мен  шешесін,  бауырлары  мен  ту- 

ған  туысқандарын  қастерлеп,  қадір 

тұтқан адам ғана есейе келе туған хал- 

қы  мен  ел-жұртын,  атамекенің  шын 

көңілмен  сүйетін  болады.  Өйткені 

халқымыз «Отан отбасынан бастала-

ды»  деп  бекерге  айтпаған.  Ата-ана- 

сын, өз үрім-бұтағын жанындай жақ- 

сы көріп сүймеген баланың ел-жұр- 

тын, халқы мен ұлтын сүйетін толық- 

қанды  азамат  болуы  екіталай.  Ұлт- 

жанды  кісінің  имандылық-адамгер- 

шілік қасиеттері, сондай-ақ, онын жек- 

жат-жұрағатқа  деген  оңды  көзқа- 

расынан да жақсы байқалады.

Қазақ елінің кез келген перзенті жұ- 

мыр жердің қай бұрышында жүрсе де 

өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқынан 

өз ұлты мен халқына деген сүйіспен- 

шілік  қасиеттерін  тайға  таңба  бас- 

қандай айқын байқатып отыруы тиіс. 

Бұл  үшін  ата-бабалардың  тарихы 

мен шежіресін біліп, оларды талдап 

таратуға  ерекше  мән  берген  абзал. 

Аталас  ағайындарының  аты-жөнін 

жүйелеп, оларды саусақпен санаған- 

дай айқын ажырата білу – кім-кімге 

де  болса  жарасымды  адамгершілік 

сипат.


Ата-бабаларымыз Алтайдан Атырау- 

ға,  Еділ  мен  Жайыққа  дейінгі  ұлан-

ғайыр, кең жазира даланы ғасырлар 

бойы басқыншы жаудан сан рет қор- 

ғап,  бостандық  пен  тәуелсіздік  жо-

лында  шыбын  жанын  пида  еткен. 

Біздер халқымыздың қас батырлары 

Қабанбай  мен  Бөгенбайды,  Исатай 

мен Махамбетті, Кенесары мея Нау- 

рызбайды,  Қасымхан  мен  Абылай 

ханды,  Амангелді  мен  Бауыржанды 

қадір тұтып, қастерлейміз. Олардың 

халқы үшін қалтқысыз қызмет етке- 

нін өзімізге үлгі-өнеге етіп, осындай 

ата-бабаларымыздың  болғанын  қа- 

лайша мақтан тұтпаймыз!





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   572   573   574   575   576   577   578   579   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет