44
заттар мен қоршаған дүниенің құбы-
лыстарына ықпал ететін-міс аруақ-
тарға және рухтарға сену. Анимисти-
калық түсініктер алғашқы қауымдық
құрылыста пайда болды. Өндіргіш
күштердің даму дәрежесінің төмен-
дігі және осының салдарынан білім-
дер қорының болмашы ғана болуы,
адамның табиғаттың жат, жұмбақ
сырлы болып көрінген дүлей күште-
рінің алдындағы дәрменсіздігі А-
нің пайда болуының негізгі себебі
болды. Қоғам дамуының белгілі бір
сатысында бұл күштерді кейіптеу
оларды игерудің формасы болды. Ани-
мистикалық түсінік бертінгі діни се-
німдердің түп төркіні.
АНКЕТА – зерттеудің негізгі мін-
детімен логикалық түрде байланыс-
ты сұрақтар жүйесінен тұратын ал-
ғашқы әлеуметтік-психологиялық ақ-
параттарды алудың әдістемелік құ-
ралы. А. сұрау арқылы адамдардың
үлкен топтарынан ақпарат алуға мүм-
кіндік береді. Едәуір шынайы нәти-
желер А. сұрақтарының дұрыс құрас-
тырылуы және таңдамалы жинақтың
жалпы популяцияны дұрыс бейнеле-
уі нәтижесінде алына алады. А. құрас-
тыру – зерттеудің негізгі болжамда-
рын сұрақтар тіліне ауыстыру – күр-
делі әрі көлемді еңбекті қажет ететін
процедура. А. сұралушыға қатысты
шынайы және мәселеге орай маңыз-
ды мазмұнды алуды қамтамасыз етуі
қажет.
Ғылыми құнды анкетаны құрастыру –
көбінесе ұжымдық жұмыс. Құрасты-
рудың бірінші кезеңі – А. мазмұнын
анықтау. Ол сұралушының өмірлік
тіршілігінің фактілері (оның білімі,
азаматтық күй-қалпы, оның өткен
шақтағы және қазіргі шақтағы әрекет-
тері және т.б.) жөніндегі сұрақтардың
жиынтығы болуы мүмкін. Егер, со-
нымен қатар, пікірдің қарқындылы-
ғын білу қажет болса, онда сұрақтар-
ға бағалау шкаласы қоса беріледі.
А. құрастырудың екінші кезеңі – сұ-
рақтардың қажетті түрін таңдап алу.
Сұрақтар ашық болуы мүмкін. Ашық
сұрақтар мазмұны мен формасы бо-
йынша сұралушының қалауына сай
жауапты беруге мүмкіндік береді. Жа-
бық сұрақтарда тек «иә» немесе «жоқ»
деген жауаптарды беру талап етіледі.
Функциялары бойынша сұрақтар не-
гізгі немесе қосалқы, қадағалаушы не-
месе нақтылаушы және т.б. болуы мүм-
кін. Сұрақтың түрі жауаптың толық-
тығына және шынайылығына әсер
етеді. Сұрақтардың құрылымына ке-
летін болсақ, олар қысқа, мағынасы
бойынша анық, қарапайым, нақты
және бірмәнді болуы қажет. А. құрас-
тырудағы жиі кездесетін қателер: 1) жа-
уаптың жасырын мәні; 2) тым қатты
детализациялау; 3) сұрақтардың екі-
мәнділігі; 4) сұрақтардың бір-бірінен
айқын ажыратылу күшінің аздығы.
Жақсы сұрақтар сенімділік пен валид-
тіліктің әдеттегі критерийлеріне сәй-
кес болуы қажет. А. құрастырудың
соңғы кезеңі – қойылатын сұрақтар-
дың саны мен ретін анықтау. Сұрақ-
тардың бірізділігі анкеталық сұрау-
дың түріне сәйкес әртүрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: