509
қазақша аудармасы туралы» («Халық
мұғалімі», 1950, N2), «Қазақ мек-
тебінде орыс тілін оқытудың кейбір
психологиялық мәселелері» (1967),
т.б. Осы еңбектердің қай-қайсысы
да қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие
процесін жандандыру үшін қажетті
дүниелер.
СҰХБАТ 1) бағытталған диалог.
Психологияда тиісті ақпарат жинау
үшін, сондай-ақ психотерапевтік
әсер ету үшін қолданылады. Сұхбат-
тың еркін және стандартты түрлері
бар. Әдістері: клиникалық С. және
диагностикалық С. 2) ауызша пікір-
терім арқылы әлеуметтік-психоло-
гиялық ақпарат алу амалы. С. екі
түрге бөлінеді: а) еркін тақырып, әң-
гіме түрі реттелмеген; ә) нысаны ал-
дын ала әзірленген сұрақтарға негіз-
делетін С. Сұрақ – 1) оқушылардың,
студенттердің білім деңгейін анықтау
үшін қойылатын сұрау; 2) адамдар
бір-бірімен қарым-қатынас барысын-
да ойларын айқындау үшін қойыла-
тын сұрау. С. оқушылардың, студент-
тердің білімін әр қырынан тексеру
үшін қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: