511
аяғынан бірдей айырылса да, әскери
ұшқыш қызметіне қайта оралған Со-
вет Одағының батыры Алексей Ма-
ресьев пен кешегі азамат соғысында
екі қолынан айырылған жас қазақ
жауынгері Мыңбай Тұрсыновтың
өмірі жақсы мысал бола алады. Соң-
ғысы ауруханада жатқанда бақайы-
мен жазу жазды, аузымен қыл қалам-
ды тістеп сурет салды, елге келгесін
шалғымен шөп те шапты, жеміс бағын
да өсірді, мәшине жүргізуді үйренді,
совхозда есепші болды. Кейін өз
басынан кешкен осы қиыншылықта-
рын «Өліммен беттескеңде» (1965)
дейтін кітабында баяндады. Осы мы-
салда табандылық, тек тепсе темір
үзетін, қол-аяғы балғадай, жеті мү-
шесі сау адамдарда ғана кездесетін
қасиет емес, қандай қиын жағдайда
да жан аямай тіршілік ете, еңбек
етуді ерекше сүйе білетін адамдардың
қасиеті екендігі байқалады. Т. кісі
таңдамайды, тілесе кім болсын, ай-
қын мақсаты бар, еңбексүйгіш, іске
мейірлене, құлшына кіріскен адам-
ның бойына даритын қасиет.
ТАҒДЫР – адам өміріндегі барлық
оқиғаларды алдын ала белгіленуін
білдіретін діни ұғым. Құран Кәрімде
«Адам жер бетіне шыр етіп түскең-
де, Алла тағала оның өмірінің қан-
дай болатынын маңдайына жазып
қойған, жазмыштан қашып құтыла
алмайсың» деген уағыз бар. Адамдар
бір-бірімен қиын істе кездескеңде:
«Алланың жазғанын көреміз де», –
деп, қандай қиыншылық болса да:
«Жазмыштан қашып құтылмаймыз», –
деп тағдырға мойынсұнады.
ТАҒЫЛЫҚ – 1) Еуропа ғылымында
адамзат тарихының бірінші кезеңін
білдіретін атау. Мұны жабайылық
немесе Т. деп алғашқы адамдардың іс-
әрекетін, еңбекке қарым-қатынасын,
табиғатын игерудегі еңбек тәсілінің
жабайылығын бейнелеу үшін қол-
данған. Ғылым мен техниканың да-
муы, дене еңбегін ой еңбегінің алмас-
тыруы өркениетті туғызды; 2) ауыз-
екі сөзде адамдардың мәдениетсіз-
дігін, надандығын сипаттау үшін де,
Т. дөрекілік ұғымын білдіруге де
қолданылады.
ТАЙПА – 1) алғашқы қауымдық қо-
амдағы бір жерде тұратын, тілі бір-
дей
;
бірнеше рулардан құралған,
өзара туыстық байланыстары бар
адамдар тобы. Тайпада ортақ әдет-
ғұрып, мәдениет болды. Тайпаны
басқару, маңызды істерді және туыс-
тар арасындағы даулы істерді шешу
ақсақалдар кеңесінің билігінде бол-
ды. 2) Тайпа ұрпақ, халық.
ТАЛАНТ (грек. talantоп – бастапқы-
да салмақ, өлшем, кейіннен ауыспа-
лы мағынада – қабілеттер деңгейі) –
қабілеттердің ең алдымен, арнайы
қабілеттердің дамуының ең биік
деңгейі. Т. Адам қарекетінің при-
нципті жаңалығымен, бірегейлігімен
бұрын-соңды болмаған жаңалығы-
нан байқалады. Адамның таланты
музыкада, әдебиетте, ғылымда, тех-
никада т.б. іс-әрекеттерде көрінеді.
Таланттың дамуы еңбек ете білумен,
еңбек сүйгіштікпен тығыз байланыс-
ты. Әйгілі ғұламалардың пікірінше
«талантты өсіретін нәрсе – істі сүю»
деп бекер айтпаған. Осы себепті
адамның Т.-ының дамуында оның
дүниетанымы, қоғамдық позиция-
сы орасан зор рөл атқарады. Твор-
честволық қызметтің сан салалы
Достарыңызбен бөлісу: