Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет756/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТЕМП

ТЕМП


525

ТЕМПЕРАМЕНТ ТЕОРИЯЛАРЫ. 

Гиппократ темперамент адамның ана- 

томиялық – физиологиялық және пси- 

хологиялық  даралық  ерекшеліктері 

деп түсінді.

Одан әрі темперамент туралы ілімнің 

дамуы төмендегі бағыттарда іске ас- 

ты. Бірте-бірте темпераменттің пси- 

хологиялық сипаттамасы кеңейе түс- 

ті. Рим дәрігері Галеннің Гиппократ- 

тан  айырмашылығы  темперамент 

түрлерінің  физиологиялық  қасиет- 

терімен  қатар  психологиялық  және 

адамгершілік қасиеттерін сипаттады. 

Неміс  философы  И.Кант  XVIII  ғ. 

аяғында  темпераменттің  тек  қана 

психикалық  қасиеттерін  сипаттады. 

Жаңа  кезеңге  дейін  темпераменттің 

сипаты негізінен психологиялық ба- 

ғытта қалыптасты. Осыған байланыс- 

ты  темпераменттің  түрлері  туралы 

ұғым өзгерді. Темпераменттің түрлері 

физиологиялық  емес,  психикалық 

қасиеттердің  пропорциясына  бай- 

ланысты  сипатталады.  Кант  темпе- 

раментті  әртүрлі  сезімдердің  және 

іс-әрекеттің  әртүрлі  деңгейдегі  бел- 

сенділігінің  арақатынасы  ретінде 

қарастырды. Неміс психологі Вундт 

XIX ғ. аяғында – темпераментті жыл- 

дамдықтың  және  «жан  қозғалыста- 

рының» күштерінің арақатынасы деп 

білді. Ол темпераменті екі түрге бөлді: 

эмоциясы күшті темпераменттер; әл- 

сіз эмоциялы темпераменттер. Холе- 

рик  және  меланхолик  темперамент- 

терін жатқызды.

Өйткені, холериктің эмоциясы күшті 

болады да және тез әрекет етеді, ал ме- 

ланхоликтің жан дүниесінің ауысып 

отыруы өте шабан, баяу болып келеді. 

Эмоциясы  әлсіз  темпераменттерге 

сангвиник  және  флегматик  жатады. 

Сангвиниктің  қозулары,  сезімдері 

күшті, әрекеттері жылдам болып отыр- 

ды.  Ал  флегматиктің  эмоциялары 

күшті, бірақ олардың әрекеті шабан 

келеді.


Әрине,  бұл  теориялардың  қай-қай- 

сысы  да  біржақты,  ғылыми  негізсіз 

қате теориялар болып табылады. XX 

ғасырда  темперамент  туралы  пікір 

айтқандардың  бірі  және  ерекше  ке- 

ңінен  таралған  Э.Кречмердің  (1888-

1964) ұсынған типологиясы. Ол 1921 

ж. өзінің «Тән құрылысы және мінез» 

атты  белгілі  еңбегінде  темперамент 

адамның  тән  құрылысының  белгілі 

психикалық  ерекшеліктерімен  бай- 

ланысты  болатындығын  дәлелдейді. 

Э.Кречмердің  теориясы  Еуропада 

кеңінен тарады.

Психология  ғылымының  тарихында 

зерттеушілер  темпераменттің  әр- 

түрлі  типтері  қалыптасқандығына 

тоқталды.  Олардың  ішінде  ерекше 

қызығушылық  туғызған  теориялар 

темпераменттің  қасиеттері  тұқым 

қуалау  арқылы  берілген,  туа  біткен 

қасиет ретінде түсіндіріліп, дене бі- 

тімінің  ерекшеліктеріндегі  дара- 

лық  ерекшеліктерімен  байланысты- 

рылады.

Бұл  теория  дене  бітімінің  теориясы 

деп аталынды. Ерекше кеңінен тара- 

ған теория Э.Кречмердің типология- 

сы.  Бұл  теорияның  негізгі  идеясы 

адамдардың  дене  бітімінің  немесе 

құрылымының  белгілі  түріне  қарай 

белгілі  психикалық  ерекшеліктері 

болатындығы.

Ол  адам  денесінің  бөліктеріне  көп- 

теген  зерттеулер  жүргізіп,  осының 

нәтижесінде  4  дене  бітімінің  типін 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   752   753   754   755   756   757   758   759   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет