Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет755/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   751   752   753   754   755   756   757   758   ...   877
Темперамент 

типтері (Гиппо-

крат бойынша)

Жүйке жүйесі 

типтері (Павлов 

бойынша)

Жүйке (қозу, тежелу) үрдістері

Күші

Тепе-теңдігі

Қозғалғыштығы

Холерик


Ұстамсыз тип

Күшті


Тең емес (қозуы 

тежелуінен басым)

Сангвиник

Флегматик

Ширақ тип

Баяу тип


Күшті

Күшті


Тепе-тең

Тепе-тең


Қозғалғыш

Баяу қозғалады

Меланхолик

Әлсіз тип

Әлсіз

Төмен


ТЕМП

ТЕМП


524

ғи да басым келіп отыратын) ерекше 

қозғалыстағы тип.

Күшті  типтердің  екіншісі  –  ширақ 



типтер деп аталынады. Мұнда қозу 

мен  тежелу  процестері  бір-біріне 

тең  келіп,  тез  алмасып  отырады. 

Күшті  типтің  үшіншісі  –  қозу  мен 

тежелу бір-біріне тең, бірақ алмасуы 

сараң,  баяу  қозғалатын  тип.  Әлсіз 

типте  қозу  мен  тежелу  процестері 

баяу  көрініп  отырады.  Күшті  тітір- 

кендіргіштердің  әсерінен  туатын 

шектен тыс тежелулер де әлсіз типте 

жиі болып отырады. Мұндайда кей- 

де  күшті  типтер  сыртқы  дүниеден 

келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, 

әлсіз  тип  морт  сынып  кететін  бола- 

ды.  Павлов  ашқан  жүйке  жүйесінің 

негізгі  типтері  темпераменттердің 

физиологиялық негіздерін жақсы тү- 

сіндіреді.

Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүй- 

ке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі 

тең, қозғалғыш адам – холериктерді 



ұстамсыз; жүйке жүйесі күшті, қозуы 

тежелуінен  басым, флегматиктерді 

жүйке жүйесі күшті, қозуы мен теже- 

луі  бір-біріне  тең  болғанмен, қозға- 



лысы  баяу  адамдар  десе;  меланхо- 

ликтерді – жүйке жүйесі әлсіз типті 

адамдар  деп  сипаттады.  Темпера- 

менттер мен жүйке жүйесі типтерінің 

өзара қатынастарын осы беттегі таб- 

лицадан көруге болады:

И.П.Павлов  осы  айтылған  негізгі 

типтерден  басқа  да  аралас,  көшпелі 



типтердің  кездесетіндігін  айтты. 

Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қо- 

зуы ерекше күшті, тежелуі әлсіз және 

қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бі- 

рақ аз да болса қозуы басымдау тұра- 

тын), сонымен қатар қозу мен теже- 

лудің күші тепе-тең келетін вариант- 

тары байқалған.

И.П.Павлов  жануарлардың  жүйке 

жүйесінің типін айыру үшін жасаған 

тәжірибесінің  кейбір  қорытындыла- 

ры  адам  темпераменттерінің  физио- 

ло-гиялық негіздерін түсінуге толық 

жарайтындығын  көрсете  келіп,  тем- 

пераментке мынадай анықтама бере- 

ді: «Темперамент жануарлар мен жеке 



адамның жалпы сипаттамасы, әрбір 

индивидиумның  барлық  әрекетіне 

белгілі кейіп беретін жүйке жүйесінің 

жалпы сипаттамасы».

Соңғы жылдары көрнекті совет пси- 

хологы  Б.М.Тепловтың  (1896-1965) 

лабораториясында  жүйке  жүйесінің 

типтері одан ары зерттеле түсті. Егер 

И.П.Павлов  өзінің  тәжірибесін  жа- 

нуарларға  жасаған  болса,  Б.М.Теп- 

лов  пен  оның  шәкірттері  осындай 

тәжірибені  адамдарға  жасады.  Бұл 

зерттеулерде  И.П.Павловтың  жүйке 

жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілі- 

мі адамдардың жеке өзгешеліктерін, 

әсіресе,  оның  темпераменттерін 

анықтауда ерекше маңыз алатын бір- 

ден-бір ғылыми теория екені тағы да 

дәлелдене түсті.

Б.М.Тепловтың  шәкірттерінің  бірі 

В.Д.Небылицин осындай зерттеулер- 

дің  бірінде  жүйке  жүйесінің  әлсіз 

типінің  өзі  бірнеше  варианттарға 

бөлінетінін  анықтап  берді.  Бұрын 

өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын 

осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, 

баяу, қозу мен тежелуі теңгерілме- 

ген типтер деп бөлінетін болды. Әл- 

сіз  типтің  де  сезімталдығы  күшті 

екендігі,  осыған  орай  оның  сыртқы 

ортаға  бейімделе  алу  қабілеті  мол 

екендігі зерттелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   751   752   753   754   755   756   757   758   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет