557
осындай кінәраттардың бірі барым-
та екендігін, оны жұрттың көпшілігі
баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әді-
сі деп қате түсініп жүргенін баса айт-
ты. Ол мұндай «кәсіппен» айналыс-
қан адамның еңбекке ынтасы бол-
майды, жан жүйесі жағымсыз, ұсқын-
сыз келеді, – деп дұрыс тұжырымда-
ды. Осылайша ол жастарды мұндай
сұрқия кәсіптен бойын аулақ салуға
шақырып, осынау жексұрын қасиет-
тің адамды арамтамақтыққа, ерін-
шектікке итермелейтінін айта келіп,
осы жаман әдеттің сайып келгенде
қазақ даласында түрлі кәсіптің да-
муына кедергі келтіретініне тоқтал-
ды. Шоқанның психологиялық пікір-
лері осы айтылғандармен шектел-
мейді, оның мол рухани мұрасында
жан сырлары туралы басқа да түйінді
ойлар баршылық.
Достарыңызбен бөлісу: