Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет808/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   877
ҰзАҚ  УАҚЫТТЫҚ  ЕС – білімдер- 

ді ұзақ уақыт есте ұстауды, сондай- 

ақ  біліктер  мен  дағдыларды  және 

орасан зор ақпарат көлемін есте сақ- 

тауды қамтамасыз ететін ес жүйеше- 

сі.  Мәлімет-деректерді  ұзақ  уақыт- 

тық еске енгізу мен бекітудің негізгі 

механизмі, әдетте, қысқа уақыттық ес 

деңгейінде  жүзеге  асырылатын  қай- 

талау деп есептеледі. Алайда таза ме- 

ханикалық  қайталау  орнықты  ұзақ 

мерзімдік есте сақтауға жеткізбейді. 

Бұған  қоса  вербалдық  не  оңай  вер- 

балданатын ақпарат жағдайында ға- 

на қайталау мәліметтерді ұзақ уақыт- 

тық есте орнықтырудың қажетті шар- 

ты болады. Жаңа материалды ұғынып 

түсінудің жаңа материал мен субъек- 

тіге  бұған  дейінгі  мәлімнің  арасын- 

дағы байланыстарды анықтаудың ше- 

шуші мәні бар.

Мұндай  есте  сақталатын  хабардың 

сыртқы беткі нысаны елеусіз болып, 

бірақ  оның  есесіне  хабардың  мәні 

ұзақ уақыт есте қалады. Ұ.у.е.-те ора- 

сан  зор  деректер  сақталатынын  ес- 

кергенде,  бұл  деректер  барынша 

дұрыс  ұйымдастырылса  ғана  қажет 

ақпарат оңай табылатыны анық. Экс- 

перименттік  деректерге  қарағанда, 

ұзақ уақыттық есте білімдерді ұйым- 

дастырудың  бірнеше  нысаны  бір 

мезгілде  жұмыс  атқарады.  Олардың 

бірі  –  семантикалық  ақпаратты  не- 

ғұрлым  абстрактілі,  тектік  және  не- 

ғұрлым  сипатты,  түрлік  ұғымдарға 

бөлу  принципі  бойынша  иерархия- 

лық құрылымдарға ұйымдастыру ны- 

саны  жекелеген  ұғымдарды  санат- 

тың бір не бірнеше типтік өкілдерінің 

айналасына  топтастыру.  Мысалы, 

«үстел», «жиһаз» санатындағыларды 

топтастыруға  «хатшы»  не  «софа» 

дегендерге  қарағаңда  анағұрлым 

қолайлы.  Ү.у.е-тегі  семантикалық 

ақпарат  ұғымдық  жайттарды  ғана 

емес, субъекттің қайсыбір деректер- 

ге  көзқарасын  білдіретін  эмоция- 

лық-бағамдаушылық  жайттарды 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   804   805   806   807   808   809   810   811   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет