558
тің рефлексологиялық концепциясы
әсер еткен. Негізгі еңбектері: «Би-
хевиоризм тұрғысын-дағы психоло-
гия» (1913), «Психология мінез-құлық
туралы ғылым» (1926) т.б.
УШИНСКИЙ КОНСТАНТИН
ДМИТРИЕВИЧ (1824-1870) – орыс
педагогикасы мен психологиясының
аса көрнекті өкілі. Ресейдегі педа-
гогикалық психологияның негізін
қалаушы. Тәлімгер-ғалым өзінің
қысқа өмірінде әлемдік тәлім-тәрбие
психологиясына өлшеусіз үлес қос-
ты. Ол өз еңбектерінде адам тұлға-
сының жан-жақты дамуы, оны тұтас-
тай жетілдіру, шәкірт жан дүниесінің
қалыптасуында ана тілінің ерекше
орын алатыны, мінезді, сезім мен
эмоцияны дамытуда дағды мен әдет-
тің рөлі ерекше екендігі (ғалым бұ-
ларды «жартылай рефлекс» деп атай-
ды), әсіресе жас ұрпақтың адамгер-
шілік әдеттерін қалыптастыруды өз
еңбегінің негізгі арқауы етті. Не-
гізгі еңбектері: «Адам-тәрбиенің
нысанасы» 1860, «Балалар әлемі»,
«Ана тілі» т.б. орыс халқының ұлттық
патриотизміне негізделген еңбектері
Кеңес Одағы кезінде әрқайсысы қа-
лың-қалың 11 том болып шықты.
Қазақстанда К.Д.Ушинский мұрасын
алғаш зерттеп, оған талдау жасап, тиіс-
ті бағасын берген академик Т.Т.Тә-
жібаев болды. Ол өзінің «К.Д.Ушин-
ский және Ресейдегі педагогикалық-
психология» атты диссертациясында
Кеңес одағы тарихында бірінші болып
көтерген болатын. Оның Ушинский
туралы зерттеулері Қазақстандағы
педагогикалық психология саласын-
да жүргізілген зерттеулерге ұйытқы
болды, қорғалған диссертациялар
мен жарық көрген монографиялар-
да Ушинскийге сілтеме жасамаған
ғалымдар өте аз. Өйткені сонау өт-
кен ғасырдың 30-жылдарында-ақ
К.Д.Ушинскийдің психологиялық ең-
бектерін белгілі ғалымдар (Ананьев,
Гальперин, Корнилов, Костюк т.б.) аса
жоғары бағалаған еді.
Достарыңызбен бөлісу: